Банк ВТБ (Қазақстан) Тараз қаласында филиалын ашты

08.08.2011

2011 жылғы 8 тамызда Банк Жамбыл облысының әкімшілік орталығы – Тараз қаласында клиенттеріне  саны жағынан тоғызыншы филиалының есігін айқара ашты. Филиалдың жеке тұрған үш қабатты ғимараты келесі мекенжай бойынша қаласының орталық бөлігінде орналасқан: Қазыбек би к-сі, 111 «А». Банк жалпы ауданы 450 шаршы метрден асатын ауданда жеке және корпоративтік клиенттеріне қызметтер ұсынады.fasad.JPG

Тараз қаласындағы филиал – 2011 жылы Қазақстан Республикасындағы филиалдық желіні дамытудың стратегиясын жоспарлы қадамдық іске асырудың тағы бір көрсеткіші.

Заманауи Тараз – ірі өнеркәсіптік орталық және көлік торабы. Қалада шамамен 350 мың адамнан асатын көп ұлтты халық тұрады. Мұнда тамақ, жеңіл және химия өнеркәсібінің ірі кәсіпорындары шоғырланған. Қала кәсіпорындары әлемнің 30-дан астам елінде сыртқы экономикалық қызмет атқарады. Минералды тыңайтқыштардың, сары фосфордың, натрий  триполифосфатының, ІҚМ терісінің, ұнның, қара металл қалдықтары мен кесектерінің, т.б. экономиканың жалпы көлеміндегі меншікті салмағы көп.

Осы аймақта филиалды ашу корпоративтік және жеке клиенттерге Банк ұсынатын өнімдер мен қызметтердің барлық артықшылықтарын бағалауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұған оңтайлы жұмыс кестесі де көмектеседі: дүйсенбі-жұма (сағат 09:00 – 20:00), сенбі (сағат 09:00 – 15:00), түскі үзіліссіз, жексенбі – демалыс күні.

Заңды тұлғалар – ірі компаниялар және орта бизнес құжаттандырылған операцияларды жүргізу, сыртқы сауда қызметін атқару, несиелендіру артықшылықтарын бағалау жөніндегі қызметтерді пайдалана алады.

Сондай-ақ филиалдың жеке клиенттері үшін Банктің бүкіл өнім желісі бойынша қызметтер кешенін ұсынады. Клиенттер мерзімді салым ашу, кепілді және кепілсіз несие алу, ақша аудару және есеп-кассалық қызмет сияқты стандартты банк қызметтерін пайдалана алады.

«Банк ВТБ (Қазақстан) ВТБ халықаралық қаржы тобына тиесілі болуының арқасында клиенттерімізге банктік қызметтердің толық спектрін ұсынып, оларды сапалы әрі жылдам қызметпен қамтамасыз ете аламыз,» - деп түсіндірді Тараз қаласында филиалдың ашылуын Банк (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма Төрағасы Сергей Николаевич Гусаров.

Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – Ресейдің ірі Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкі.
ВТБ тобы бүгін - әлемнің 19 еліндегі 20-дан астам банк пен қаржы компаниясы. ВТБ негізгі акционері – Ресей Федерациясының Үкіметі.
Банк ВТБ (Қазақстан) жарғылық капиталы 20 млрд. теңге құрайды. Банкке «Fitch Ratings» агенттігінің «ВВВ-»/ болжам – «Тұрақты», деңгейіндегі халықаралық рейтингі берілді, бұл оң тұрақты қаржы жағдайын растайды.
Республикада Банк 2009 жылғы 01 шілдеден бері операциялық қызмет атқарып келеді. Қазіргі уақытта Астана, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Өскемен, Атырау, Ақтөбе, Семей қалаларында 8 филиалы ашылған.