Банк ВТБ (Қазақстан) 2011 жылғы бірінші жарты жылдықтағы қаржы нәтижелерін

28.07.2011

Алматы – Банк ВТБ (Қазақстан) акционерлік қоғамы еншілес ұйымы 01.07.2011 жылғы жағдай бойынша қаржылық есептілігін жариялайды.

Өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғандағы негізгі қаржы және операциялық көрсеткіштері

  • Жарғылық капиталы 14 млрд. теңгеге ұлғайып, 20 млрд. теңге құрады;
  • Банк активтері 40,630 млрд. теңгеге дейін 6 есе артты;
  • Міндеттемелер 21,794 млрд. теңгеге дейін 22 есе артты;
  • Банктің несие портфелі 2010 жылғы бірінші жарты жылдықпен салыстырғанда 16 есе ұлғайып, 16 089 млн. теңге құрады. Несие портфелінің сапасы – жоғары деңгейде;
  • Клиенттердің шоттары мен депозиттеріндегі қаражат көлемі артуын жалғастырып, 2010 жылғы бірінші жарты жылдықпен салыстырғанда қомақты ұлғайып, 2011 жылғы 01 шілдеде 16 849 млн. теңгеге жетті;
  • Таза пайыздық кіріс өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 2,4 есе ұлғайып, 502 млн. теңге құрады;
  • Таза комиссиялық кіріс өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 3,5 есе артып, 119 млн. теңгеге жетті.

11.jpg

 

«Бар-жоғы екі жыл бұрын ғана қызметін бастаған ВТБ Қазақстандағы еншілес банкі қазіргі уақытта бизнес-жоспарының болжамды көрсеткіштерінің артуын көрсетіп, қарқынды дамып келеді. Осылай қарқынды өсу пайда алу тұрғысынан қаржы нәтижелеріне белгілі бір әсерін тигізетіні сөзсіз, әйтсе де бұл Банктің алдына қойған міндеттеріне толық сәйкес келеді. Банк ВТБ (Қазақстан) бұдан былай да сәтті дамуын жалғастырады деп сенеміз», - деп атап өтті Банк ВТБ ААҚ Басқарма мүшесі, Банк ВТБ (Қазақстан) Директорлар кеңесінің төрайымы Ольга Дергунова.

Бекітілген даму стратегиясына сәйкес Банк Қазақстан Республикасының аумағындағы аймақтық желісін белсенді дамытуын жалғастыруда. 2011 жылдың басынан бері Қарағанды, Өскемен, Атырау, Ақтөбе, Семей қалаларында 5 жаңа филиалын, Алматы қаласында екі қосымша үй-жайын ашты. 2011 жылғы 01 шілдедегі жағдай бойынша Банктің филиалдық желісінде 10 офис бар.

Gusarov.jpg«Біз айналымдарымызды тұрақты өсіріп, ВТБ стратегиясын сәтті іске асыруды жалғастырып келеміз. Филиал желісінің әрі бас Банк ВТБ (Қазақстан) табыстылығын қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз, бұл жалпы ВТБ бұдан былай тиімді өсуіне әрі капиталының артуына көмектеседі», - деп түсіндірді Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма төрағасы Сергей Гусаров.

2011 жылғы ақпан айында Банк VISA International халықаралық төлем жүйесінің мүшесі болды, қазіргі кезде меншікті процессингтік орталығын іске қосуға әзірленіп жатыр. 2011 жылғы мамыр айында Банк ЕҚҚДБ (Еуропа Қайта құру және Даму Банкімен) 20 млн. АҚШ доллары сомасына Сауданы дамытуға көмектесу бағдарламасының шеңберінде лимит белгілеу келісіміне қол қойды. 2011 жылғы маусым айында Банк ВТБ (Қазақстан) шетелдік валюталардың биржалық саудасына қатысу құқығымен «валюта нарығының мүшесі» санатында «Қазақстан қор биржасы» АҚ мүше болып қабылданды.

 

Анықтама
ВТБ тобы туралы ақпарат
Банк ВТБ ААҚ мен еншілес банктері (бұдан былай ВТБ тобы немесе Топ) Ресейде, ТМД, Батыс Еуропа, Азия мен Африка елдерінде банктік қызметтердің кең спектрін ұсынатын жетекші ресейлік қаржы тобы болып табылады.
Ресейде Топ бір негізгі (Банк ВТБ) және екі еншілес банкі – ВТБ24 және ТрансКредитБанк арқылы банктік операциялар атқарады. Ресейден тыс жерде Топ ТМД елдерінде (Армения, Украина, Беларусь, Қазақстан, Әзірбайжан), Еуропада (Австрия, Кипр, Германия, Франция және Ұлыбритания), Грузияда, Африкада (Ангола) орналасқан 12 еншілес банкі арқылы, сондай-ақ Италия мен Қытайда орналасқан екі өкілдігі, Қытай мен Үндістанда орналасқан ВТБ екі филиалы, сондай-ақ Сингапур мен Дубайдағы «ВТБ Капитал» Плс екі филиалы арқылы қызмет атқарады.
ВТБ тобы корпоративтік-инвестициялық және бөлшек банкинг саласында жұмыс істейді.
2011 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша Топта 53 311 қызметкер жұмыс істейді.
2011 жылғы ақпан айында Ресей Федерациясының Үкіметі Банктің жай акцияларын және ғаламдық депозитарлық қолхаттарын жария ұсыну нәтижесінде Банк ВТБ капиталындағы үлесін 85,5%-дан 75,5% дейін азайтты.

Банк ВТБ (Қазақстан) туралы ақпарат
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – ресейлік Банк ВТБ  ААҚ 100% еншілес банкі.
ҚР еншілес банк 2009 жылғы 1 шілдеден бастап жұмыс істеп келеді (22.05.2009ж. ҚР ҚҚА лицензиясының №1.1.256 )
28.07.2011ж. жағдай бойынша Банк ВТБ (Қазақстан) (филиалдарын қоса алғанда) 394 адам жұмыс істеді.
Банкке «Fitch Ratings» агенттігінің «BBB-»/болжам – «Тұрақты», халықаралық рейтингі берілді, бұл оның оң әрі тұрақты қаржы жағдайын растайды.