Банк ВТБ (Қазақстан) Семей қ. филиалын ашты

13.07.2011

Филиал Шәкәрім даңғылы, 20 «б» үй мекенжайы бойынша қала қонақтары мен тұрғындарына есіктерін айқара ашты. 750 асатын шаршы метр жалпы ауданда корпоративтік және жеке клиенттерге банктік қызметтер ұсынылады.
 
Филиалдың Семейде ашылуы – Банк ВТБ (Қазақстан) Республикадағы филиал желісін кеңейтудегі стратегиялық жоспарының кезекті қадамы.

9999.jpgСемей – Шығыс Қазақстан облысындағы көлемі бойынша екінші ірі қала. Бүгін өнеркәсіптік алпауыттар: цемент, машина жасау, металл өңдеу зауыттары, ет-консерві комбинаты, құрылыс материалдар зауыты, т.б. қарқынды жұмыс істеуде.
Осы аймақта филиалдың ашылуы орта және ірі кәсіпорындарға, қаржы-өнеркәсіптік топтар мен бөлімшелеріне Банк ұсынатын бүкіл қызметтер кешенін пайдалануға мүмкіндік береді.
Жеке клиенттер Банк ВТБ (Қазақстан) қызмет артықшылықтарын және бүкіл өнім желісін пайдалана алады: мерзімді салым аша алады, тұтыну несиелерін (кепілсіз немесе мүлікті кепілге қойып), шағын бизнесті дамытуға несиелер алу мүмкіндігіне ие болады.
Ыңғайлы қызмет көрсету аймақтары, білікті және тәжірибелі қызметкерлердің кеңесі мен көмегі клиенттерге түрлі есеп айырысу-кассалық операцияларды жасауға, банктік шоттар ашпай ақша аудару жүйелері бойынша төлем төлеуге мүмкіндік береді.

Оңтайлы жұмыс кестесі Банк ВТБ (Қазақстан) Семей қ. әмбебап филиалының артықшылықтарының бірі болып табылады: дүйсенбі-жұма (сағат 09:00 - 20:00), сенбі (сағат 09:00 - 15:00), түскі үзіліссіз, жексенбі – демалыс күні.


«Біз жігерліміз, қайраттымыз, Қазақстанда белсенді жұмыс істеу үшін барлық мүмкіндігіміз бар, - деп атап өтті Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма Төрағасы Сергей Гусаров. – Біздің бәсекелік артықшылығымыз – ВТБ тобының кәсіби мамандар тобы мен күші, осының арқасында клиенттерімізге әлемнің 19 елінде қызмет ұсынудамыз. Семейде филиалымызды ашып, күн сайын спектрі кеңейіп отыратын тиімді әрі бәсекеге қабілетті өнімдер ұсынбақшымыз.»

Үстіміздегі жылдың аяғына дейін Банк ВТБ (Қазақстан) тағы да 9 филиал ашып, 23 сату орны көрсеткішіне жетуді жоспарлап отыр.

Анықтама 
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ  - Ресейдің ірі Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес Банкі.
ВТБ тобы – ТМД, Еуропаның, Азия мен Африканың 19 еліндегі 20-дан астам банкі мен қаржы компаниясы. ВТБ негізгі акционері – Ресей Федерациясының Үкіметі (75,5%).

Банк ВТБ (Қазақстан) жарғылық капиталы 20 млрд. теңге құрайды.
ҚР еншілес банк 2009 жылғы 1 шілдеден бері жұмыс істеп келеді. Қазіргі кезде Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Павлодар, Өскемен қалаларында 7 филиал ашылған.
Банкке «Fitch Ratings» агенттігінің «ВВВ-» деңгейінде халықаралық рейтингі берілді/болжам «Тұрақты», бұл оның оң және тұрақты қаржы жағдайын растайды.