Банк ВТБ (Қазақстан) «Қазақстан қор биржасы» АҚ мүше болып қабылданды

05.07.2011

2011 жылғы 30 маусымда Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ шетел валюталарымен биржа саудаларына қатысу құқығымен «валюта нарығының мүшесі» санаты бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ мүше болып қабылданды.

VTB08-0104.jpgСергей Гусаров, Банк ВТБ (Қазақстан) Басқарма төрағасы: «KASE кіру – бекітілген даму стратегиясына сәйкес банкіміздің кезекті жоспарлы қадамы. Валюта биржасында мүше болу клиенттерімізге бұрынғыдан да жоғары деңгейде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді».

 

Анықтама:

«Қазақстан қор биржасы» АҚ 1993 жылдан бері жұмыс істеп келеді, бүгінгі күні ол әмбебап қаржы нарығын білдіреді, оны шартты түрде бес секторға  бөлуге болады: шетел валюталар нарығы, мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы, акциялар және корпоративтік облигациялар нарығы, репо операциялары нарығы, деривативтер нарығы.

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ  2009 жылдан бері операциялық қызмет атқарып келеді. Бұл – ірі, орта, шағын және бөлшек бизнес клиенттеріне бағытталған әмбебап Банк. Банктің жарғылық капиталын 20 миллиард теңге құрайды. Бүгінгі күні Банк ҚР 7 қаласында 10 сату орнымен танытылған, 2011 жылдың соңына дейін 23 кеңсе ашу жоспарланып отыр.