Банк ВТБ (Қазақстан) және Western Union Ақша аударымдар жүйесінің «Менің ғажайып балам» бірлескен акциясы

01.06.2011

2011 жылғы 01 маусымда Балаларды қорғау күніне орайластырылған «Менің Ғажайып балам» бірлескен Акциясы бастау алды.
Акция шарттары бойынша Қазақстан – Ресей – Қазақстан бағыты бойынша Western Union ААЖ бойынша ақша аударымдары жолдаушы немесе алушы барлық жеке клиенттер – Қазақстан Республикасының резиденттері және резиденттері емес тұлғалар сыйлықтар ұтысына қатысады, бұл сыйлықтар ішінде: баланың тегін фотосессиясын жүргізуге және баланың кішкентай бөбектер үшін) алақандары/табандарының нұсқада бірегей безендірілген іздерін жасауға сертификаттар, сондай-ақ сурет салуға арналған жинақтар (жасы үлкен балалар үшін) бар.
Акция Банк ВТБ (Қазақстан) филиалдары ашылған барлық қалаларда: Астана, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Өскемен қалаларында жүргізіледі.
Акцияға қатысу үшін 2011 жылғы 01 маусымнан бастап 31 шілдеге дейін Банк ВТБ (Қазақстан) арқылы Қазақстан –Ресей – Қазақстан бағыты бойынша Western Union ААЖ бойынша ақша аударымын жолдау немесе алу қажет.
Жүлделер ұтысы 2011 жылғы 17 тамызда өтеді, жеңімпаздар сыйлықтарын 2011 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолдана алады.