Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ клиенттері үшін «ВТБ Тобының Банктік қызмет көрсету саласындағы мүмкіндіктері» Конференциясын өткізді

26.05.2011

_MG_3980.jpg2011 жылғы 26 мамыр күні Банк ВТБ (Қазақстан) Банктің іс жүзіндегі және ықтимал клиенттері үшін «ВТБ Тобының Банктік қызмет көрсету саласындағы мүмкіндіктері» Конференциясын өткізді, «Интерконтиненталь Алматы» Отелінде өткен бұл шараға сыртқы экономикалық қызметті белсенді жүргізуші жүзден астам ірі қазақстандық компаниялар шақырылды.

Конференция шеңберінде ВТБ Тобының мамандары Банк ВТБ (Қазақстан) және ВТБ Тобының кепілдемелік, құжаттамалық бизнес және саудалық қаржыландыру саласындағы мүмкіндіктерімен таныстырды, негізгі нарықтарда (Ресей, Қытай, ТМД елдері) қызметтестік нұсқаларын ұсынды, сондай-ақ Қазақстан резиденттерімен әрекеттесуге қатысты Ресей Федерациясының валюталық заңнамасының ерекшеліктерін талқылады.

Қазақстандық бизнестің көрнекті өкілдерімен арнайы кездесу үшін  Банк ВТБ ААҚ, «ВТБ Капитал» ЖАҚ және Банк ВТБ ААҚ-ның Шанхай қаласындағы филиалының басшылары келді.

Өзінің құттықтау сөзінде Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқармасының Төрағасы, Сергей Гусаров былай деді: «Бүгін өткізілетін Конференцияның Қазақстандағы Банк өнімдері мен қызметтерін дамытуда маңызы зор. Көптеген шетелдік банктер жергілікті банктерге лимиттерін жапқан кезеңде, біздің бәсекелестік артықшылығымыздың бірі –клиенттердің кез келген санатына қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін ВТБ Тобының тармақталған желісінің болуы. Бұл орайда сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын корпоративті клиенттермен жұмыс – бұл Банктің ашылған сәтінен бастап қызметінің негізгі бағыты болып табылады».

_MG_4082.jpgКонференция қатысушылары ВТБ Тобының мамандарымен ВТБ Тобының кең ауқымды тәжірибесіне сүйеніп, клиенттердің қажеттілігі мен банк мүмкіндіктерін талқылады.  

Банк ВТБ (Қазақстан) БАНК ВТБ ААҚ халықаралық тәжірибесін қолдана отырып, өз клиенттеріне жоғары дәрежелі қызметтерді ұсынады.

Анықтамалық:

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – ірі, орта, шағын және бөлшекті бизнес клиенттеріне бейімделген универсалды Банк. Бүгінгі таңда Банк ҚР 7 қалаларындағы 10 сауда нүктелерімен ұсынылған, 2011 жылдың соңына дейін 23 кеңсе көрсеткішіне қол жеткізу жоспарлануда. 2010 жыл ішінде несие портфелі 340 млн. АҚШ долларынан астам сомаға 5 есе ұлғайтылды, ВТБ Тобының компанияларымен бірлескен мәмілелер ұйымдастырылды.

Банк ВТБ ААҚ және оның еншілес ұйымдары (ВТБ тобы) ресейлік жетекші қаржылық топ болып табылады. ВТБ негізгі акционері РФ Үкіметі болып табылады, оған акционерлік капиталдың 75,5% тиесілі. ВТБ тобы әлемнің 19 астам елінде өкілденген.