Банк ВТБ (Қазақстан) Ақтөбе қаласындағы филиалын ашты

18.05.2011

2011 жылғы 18 мамырда Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Ақтөбе филиалының қаласындағы ашылу салтанаты өтті.

IMG_4076.JPGБанк филиал ашу үшін үй-жайды таңдауда ұқыптылық танытты: Ақтөбе филиалы қаланың әкімшілік әрі іскерлік ортасында, бас даңғыл - Әбілқайыр хан даңғылында орналасқан.

Ақтөбе – Батыс Қазақстанның ірі экономикалық орталығы. Облыста ферроқорытпа, хром қосылыстары, ауыл шаруашылығы машиналарын, рентгенаппаратурын жасау, т .б. зауыттар жұмыс істейді, филиалдың осы қалада ашылуы ірі және орта кәсіпорындарға, шағын және орта бизнес субъектілеріне есеп-кассалық қызмет, несиелендіру, сауда қаржыландыру, «Банк-Клиент» қашықтықтан қызмет көрсету жүйесі сияқты Банк ұсынатын бүкіл қызметтер кешенін пайдалану мүмкіндігін береді.

IMG_4207.JPGЖеке клиенттер де Банк ВТБ (Қазақстан) қызмет артықшылықтарын бағалап, мерзімді салым ашу, кепілсіз несие алу, автомобиль сатып алуға несие алу, шағын бизнесті дамытуға несие алу, ақша аудару, айырбастау операциялары сияқты бүкіл өнімдер желісін пайдалана алады.

IMG_4115.JPGЖоғары қызмет көрсету деңгейі, әр клиентке жеке көңіл бөлу, оңтайлы тарифтер, ыңғайлы жұмыс кестесі Банк ВТБ (Қазақстан) Ақтөбе қаласындағы әмбебап филиалының артықшылықтарының бірі болып табылады, дүйсенбі-жұма (сағат 09.00-20.00), сенбі (09.00-15.00), түскі үзіліссіз, демалыс – жексенбі.

Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Байжомартов Абай Серікбайұлы, Ақтөбе қаласындағы Ұлттық Банктің директоры Жандавлетов Жұмабай Шанкатұлы, ірі компаниялар – қала мен облыстағы бизнес саңлақтарының өкілдері филиалдың ашылу салтанатының құрметті қонақтары болды.

Банк ВТБ (Қазақстан) өнімдер желісін кеңейте отырып, филиалдар желісін белсенді дамытуға бағытталған стратегиясын іске асыруын жалғастыруда.

Сергей Гусаров, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма төрағасы: «Ақтөбеде филиал ашып, қала тұрғындары мен қонақтарына тиімді, тартымды, заманауи банк өнімдерін ұсыну арқылы бизнестің барлық бағыттары бойынша белсенді іс атқаруға ниеттіміз».