Банк ВТБ (Қазақстан) Соғыс ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады

06.05.2011

2011 жылғы 06 мамырда, Банк ВТБ (Қазақстан) Алматы қаласындағы Ресей Федерациясының Бас Косулдығымен бірлесе отырып, Ұлы Жеңістің 66-шы жылдығына арнап соғыс ардагерлері үшін мерекелік шара өткізді.

Мерекелік асқа 100-ден аса соғыс және тылдағы фронт ардагерлері шақырылған болатын. Соғыс Ардагерлерін бірлесіп құттықтау Банк пен Консулдықтың қайырымды дәстүрі болып кетті – бір жыл бұрын осы «Пугасов» мейрамханасында Жеңістің 65-ші жылдығы атап өтілген.  

Жартысынан көбі 90 жастық мерейтойларын атаған Ардагерлер мерекелік асқа шақыруды қуанышпен қабылдады. Олар, Соғыс батырлары үшін, Жеңіс күні - өздерінің бірге соғыста болғандарымен кездесіп, Жеңіс үшін өз өмірін қиғандарды еске алу мүмкіндігі.       

«Біздің жүректерімізде соғысқа қатысқандардың ерлігі туралы зерде әрқашан сақталады. Басқыншыларды жеңуге үлес қосқан аталары мен бабалары, жақындары мен туыстары туралы әңгімелер әр отбасында табылады. Біздің төбемізде әрқашан бейбіт аспан болсын және біздің балаларымыз бен немерелеріміз ешқашан соғыс пен тауқымет дегенді білмесін», - деп Ардагерлерді Банк ВТБ (Қазақстан) Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары Александр Костян құттықтады.  

Барлық ардагерлерге, Ұлы Жеңіс батырларына мықты денсаулық және ұзақ өмір!» - тіледі жиналғандарға Алматыдағы Ресей Федерациясының Бас Консулы Борислав Мещянинов.

Жеңіс күні – бұл біздің жүректерімізді мақтаныш пен ризашылық толтыратын мереке, батырлық, ерлік, ер жүректік пен мейірімділік мерекесі.