Банк ВТБ (Қазақстан) «Бизнес 2020 жол картасы» Мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды

05.05.2011

«Бизнес 2020 жол картасы» бағдарламасы Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру тетіктерінің бірі болып табылады, оның мақсаты – кәсіпкерлердің өндірістік (индустриалды) инфрақұрылымының дамуын қолдау.

«Бизнес 2020 жол картасы»  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық көтерілу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспарын іске асыру үшін әзірленген. 

Бағдарлама шеңберінде, Банк ВТБ (Қазақстан) мемлекетпен бірлесе отырып, мына үш бағыт бойынша кредиттер жөнінде кредиттерді кепілдеуін және пайыздардың субсидиялауын жүзеге асырады:

  • Жаңа бизнес-бастамашылықтарды қолдау;
  • ҚР кәсіпкерлік секторын сауықтандыру;
  • Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету.