Банк ВТБ (Қазақстан) 20 миллион $ сомасына Сауданы дамытуға жәрдемдесу бағдарламасының шеңберінде лимит белгілеуге ҚДЕБ-пен келісімге қол қойды

25.04.2011

2011 жылғы 20 сәуірде Қайта құру мен Дамытудың Еуропалық Банкісі (ҚДЕБ) Банк ВТБ (Қазақстан) акционерлік қоғамының еншілес ұйымына 20 миллион АҚШ доллары сомасында кредит беру туралы кредиттік келісімге қол қойылды.  Қаражат саудалық қаржыландыру мақсаттарына берілген.

ҚДЕБ Кредиті  Банк ВТБ (Қазақстан)-ға сыртқыэкономикалық қызмет жүргізетін компанияларға қызмет көрсетуіне көмек көрсетеді және өтеу мерзімі анағұрлым ұзақ кредиттер беру процесін жеңілдетеді.  

«Осы Келісімге қол қоя отырып, Банк ВТБ (Қазақстан) Қазақстандағы импорттаушылар мен экспорттаушылардың үлкен санына қолдау көрсете алатынын және Қазақстан мен басқа елдер арасында тауар айналымын ұлғайтатынын ұйғарамыз», - деді Саудаға көмек көрсету жөніндегі ҚДЕБ Бағдарламасының Жетекшісі Рудольф Путц.

Саудаға көмек көрсету жөніндегі ҚДЕБ Бағдарламасы сыртқыэкономикалық қызметін ынталандырады. Бағдарламаның көмегімен ҚДЕБ сыртқысаудалық операциялар бойынша өзіне саяси тәуекел және сауда төлемдерін алмау тәуекелін қабылдай отырып, аккредитивтерді растайтын халықаралық банктерге кепілдік береді.

2010 жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы барлық ҚДЕБ  елдер-серіктестер арасында Саудаға жәрдемдесу бағдарламасы шеңберінде мәмілелер көлемі бойынша 2-орын (Ресейден кейін) алды.   

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқармасының Төрағасы Сергей Гусаров былай деп атап өтті:
«ҚДЕБ-пен қол қойылған кредиттік келісім бізге төмендетілген пайыздық мөлшерлеме бойынша аккредитивтерді растауы бар мәмілелерді қаржыландыруға және жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, Банк ҚДЕБ-тің жоғары имиджін пайдалана отырып, кредиттік желілерді ашпай, шетелдік Банктердегі аккредитивтерді растай алады».

Анықтамалық:

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ  корпоративтік клиенттер мен жеке тұлғаларға банктік қызмет көрсетудің толық спектрін ұсынатын Банк ВТБ ААҚ-ның  100% еншілес банкісі болып табылады.
Fitch Ratings рейтінгтік агенттігі Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ға «BBB-»/ болжам «Тұрақты» ұзақмерзімді рейтингін берді.

ҚДЕБ Қазақстандағы өзінің қызмет етуінен бастап 7 миллиард Евродан астам мөлшерде қосымша инвестициялар тарта отырып, қазақстандық экономиканың түрлі секторында 130-дан астам жобаны 2.8 миллиард Евродан астамға инвестициялады. Жобаның 70% шамасындағысы ҚР жеке секторын дамытуға инвестициялар болып табылады.