2011 жылғы 17 ақпанда Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Атырау қаласындағы филиалының ашылу салтанаты өтті

17.02.2011

7.jpgФилиал Атыраудың іскерлік орталығында Құрманғазы көшесі, 1-үй мекенжайы бойынша орналасқан.

Бүгінгі күні Атырау – Қазақстандағы негізгі көмірсутекті аймақ, мұнай мен газ өндіретін ірі орталық, инвестициялардың болашағы бар нарығы, осы қалада филиалдың ашылуы ірі және орта кәсіпорындарға, шағын және орта бизнес субъектілеріне Банк ұсынатын бүкіл қызметтер кешенін пайдалануға мүмкіндік береді.
Атырау облысында бүгін екінші деңгейлі 24 банк жұмыс істейді, жеке және заңды тұлғаларға 92 сату орны қызмет көрсетеді.

Сергей Гусаров, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ басқарма төрағасы: «Банк ВТБ (Қазақстан) осы қалада филиалын ашып, бәсекелестіктің жоғары деңгейін, жаңа Банктің қандай жауапкершілікпен, кәсіби жұмыс істеу керек екендігін де бағалаймыз.»

4.jpgАтырау облысының аумағында 119 000 км 450 000-нан астам адам өмір сүреді. Атырау қаласының өзінде 180 мыңнан астам адам бар. Бүгін Атырауда мұнай бизнесінде жұмыс істейтін 300-ден астам шетелдік және бірлескен компаниялар жұмыс істейді. Еліміздің ең батыс қаласын тәуелсіз Қазақстанның мұнай астанасы деп жиі атайды.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Айгүл Ажигалиева, ҚР Ұлттық Банкінің Атырау филиалының директоры Қозыбақ Құлбарақов, ірі компаниялардың басшылары – қала мен облыстың бизнес саңлақтарының өкілдері филиалдың ашылу салтанатының құрметті қонақтары болды.