2011 жылғы 02 ақпанда Банк ВТБ (Қазақстан) Қарағандыдағы филиалының ашылу салтанатына қонақтар шақырды

02.02.2011

10.jpgФилиал Бұқар Жырау көшесі, 24-үй мекенжайы бойынша Қарағандының әкімшілік және іскерлік орталығында, тарихи, мәдени ескерткіш болып табылатын ғимаратта орналасқан.

Қарағанды – ірі өнеркәсіптік аймақ, осы қалада филиалдың ашылуы ірі, орта кәсіпорындарға, шағын және орта бизнес субъектілеріне есеп-кассалық қызмет, несиелендіру, сауда қаржыландыру, «Банк-Клиент» қашықтықтан қызмет көрсету жүйесі сияқты т.б. Банк ұсынатын бүкіл қызметтер кешенін пайдалануға мүмкіндік береді.

9.jpgСондай-ақ жеке клиенттер Банк ВТБ (Қазақстан) қызмет артықшылықтарын бағалап, бүкіл өнім желісін пайдалана алады: мерзімді салым аша алады, кепілсіз несие, автомобиль сатып алуға несие, шағын бизнесті дамытуға несие алуға болады, ақша аудара алады, айырбастау операцияларын жасай алады.

Жоғары деңгейде қызмет көрсету, әр клиентке жеке көңіл бөлу, оңтайлы тарифтер, ыңғайлы жұмыс кестесі Банк ВТБ (Қазақстан) Қарағанды қ. әмбебап филиалының артықшылықтарының бірі болып табылады, филиал дүйсенбі-жұма (сағат 09.00-20.00), сенбі (09.00-15.00) күндері түскі үзіліссіз жұмыс істейді, жексенбі – демалыс.

8.jpgҚарағанды қаласының әкімі Бауыржан Түйтейұлы Әбдішев, ҚР Ұлттық Банкінің аймақтық филиалының директоры Дәуренбек Мәжитұлы Мәжитов, ірі компаниялардың басшылары – қала мен облыстағы бизнес саңлақтарының өкілдері филиалдың ашылу салтанатының құрметті қонақтары болды.

Сергей Гусаров, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма төрағасы: «Қарағандыда филиал ашып, қала тұрғындары мен қонақтарына тартымды әрі заманауи банк өнімдерін ұсына отырып, бизнестің барлық бағыттары бойынша белсенді жұмыс істеуге ниеттіміз.»