2011 жылғы 26 қаңтарда Павлодар қ. филиалының ашылу салтанаты болды

26.01.2011

1.jpgПавлодарда филиал аша отырып, Банк филиалдық желіні белсенді кеңейтуді жалғастыруда, бүгінгі күні бұл – ВТБ жұмыс істейтін Республикадағы алтыншы қала.
Банк ВТБ (Қазақстан) акционерлік қоғамы еншілес ұйымының Павлодар қаласындағы филиалы Лермонтов көшесінің бойында, іскерлік орталықта орналасқан. Ыңғайлы орналасуы жеке және заңды тұлғаларға мүмкіндігінше жайлы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Шамамен 800 шаршы метрлік жалпы ауданда барлық санаттағы клиенттерге жан-жақты және сапалы қызмет көрсетуге бағытталған, әлеуметтік дайындықтан өткен кәсіби қызметкерлердің оңтайлы саны бар заманауи кеңсе құрылды.

Павлодар филиалы жеке клиенттерге есеп-кассалық қызметтен бастап несиелендіруге дейін, заңды тұлғаларға аймақтағы шағын және орта бизнесті қаржыландырудан бастап сауда 2.jpgқаржыландыру бойынша күрделі мәмілелерді құрылымдауға дейін банктік қызметтердің толық кешенін ұсыну үшін ашық болатын әмбебап қаржы институты болып табылады.

Сергей ГУСАРОВ – Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма төрағасы: «2010 жыл ішінде филиалдық желіні кеңейту бойынша қомақты жұмыс атқардық – 8 кеңсе аштық. Банк ВТБ (Қазақстан) Астанада, Қарағандыда, Атырауда, Өскеменде, Павлодарда танытылған. Алматыда төрт сату орны жұмыс істейді. Павлодар Республикада Банк қатысатын стратегиялық қалалардың бірі болып табылады. Осы қалада филиал аша отырып, біз қала қонақтарына тиімді, тартымды, заманауи банк өнімдерін ұсына отырып, бизнестің барлық бағыттары бойынша белсенді жұмыс істеуге ниеттіміз.»

Қала мен облыс басшылары, аймақтағы бизнес саңлақтарының өкілдері, екінші деңгейлі банктердің директорлары Филиалдың ашылу салтанатының құрметті қонақтары болды. Банкке алып келетін лентаны Павлодар облысы әкімінің орынбасары Оспанов Мұрат Мағауияұлы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Аймақтық филиалының директоры Назиза Капсаттарқызы Ромазанова қиды.


Александр Костян – Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары: «Павлодар қала түзуші кәсіпорындарымен танымал, мұнда мұнай өңдеуші, алюминий, электролиздік, металлургиялық, картон-рубероидтық, машина жасау, басқа да зауыттар жұмыс істейді. Ашылу салтанатында облыс пен қала басшыларын, аймақтағы бизнес саңлақтарын көру – Банк ВТБ (Қазақтан) АҚ ЕҰ үшін үлкен құрмет. Алға қойған мақсатымызға жетпей қоймаймыз, күш-қуатымыз мол, аймақта жұмыс істеуге дайынбыз.»