Банк ВТБ (Қазақстан) Атырау қ. филиалын ашты

11.01.2011

Филиалдық желіні кеңейту жөніндегі стратегия шеңберінде 2010 жылғы 11 қаңтарда Атырау қаласында Банк ВТБ (Қазақстан) алтыншы филиалы ашылды. Филиал Авангард шағын ауданы, Құрманғазы к-сі, 1, мекенжайы бойынша қаланың қаржылық және іскерлік ауданында орналасқан.

Атырау Қазақстан Республикасының көмірсутегі өнеркәсібі орталықтарының бірі болып табылады. Атырау облысының Каспий қайраңында мол мұнай қоры бар. Бұдан басқа облыстың бизнесті дамытудағы болашағы зор. Заңды тұлғалар – ірі компаниялар, орта бизнес те Банк ВТБ (Қазақстан) халықаралық ВТБ қаржы тобына тиесілі болуының арқасында қаржы алу, құжаттық операциялар жүргізу, депозиттер ашу, сыртқы сауда қызметін жүргізу жөніндегі қызметтерді пайдалана алады.

Сондай-ақ филиал жеке клиенттерге де қызметтер кешенін ұсынады, олар Банк ВТБ (Қазақстан) қызмет артықшылықтарын бағалап, кепілсіз несие алу, мерзімді салым ашу, ақша аудару сияқты бүкіл өнім желісінің пайдасын көре алады әрі есеп-кассалық қызметтер іспеттес стандартты банктік қызметтерді пайдалана алады.

Оңтайлы жұмыс кестесі Банк ВТБ (Қазақстан) әмбебап Филиалының артықшылықтарының бірі болып табылады: дүйсенбі-жұма (сағат 09:00 - 20:00), сенбі (сағат 09:00 - 15:00), жексенбі – демалыс күні.

Банктің Атырау қ. филиалының директоры Темірхан Мұсаев Банк ұсынатын қызметтер шарттары жағынан бәсекеге қабілетті, Атырау тұрғындары лайықты бағасын береді деп атап өтті.

Анықтама
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсететін ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100 % еншілес банкі.
ВТБ тобы Ресейде, ТМД елдерінде танытылған, дүниежүзінің 20-дан астам елінде қатысатын ресейлік жетекші қаржы топтарының бірі болып табылады. Ресей Федерациясының Үкіметі ВТБ бас акционері болып табылады, оған Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі федералдық агенттіктің танытуында Топтың акционерлік капиталының 85,5% тиесілі.
Банк ВТБ (Қазақстан) ҚР нарығында  2009 жылғы шілдеден бері жұмыс істеп келеді. Қазіргі уақытта Астана, Алматы, Өскемен, Павлодар, Қарағанды қалаларында 5 филиалын ашты. Банктің Жарғылық капиталы - 9 млр. теңге. 
2010 жылғы қыркүйекте Банк «Fitch Ratings» агенттігінің «BBB-» деңгейіндегі халықаралық рейтингісіне ие болды / болжам – «Тұрақты», бұл қазақстандық еншілес банктің оң және тұрақты қаржы жағдайын растайды.