Банк ВТБ (Қазақстан) Өскемен қ. филиалын ашты

10.01.2011

2011 жылғы 10 қаңтар Банк ВТБ (Қазақстан) үшін Өскемен қаласында тағы да бір әмбебап филиалының ашылуымен есте қалды. Филиал Победа даңғылы, 9, мекенжайы бойынша Өскеменнің орталық ауданындағы жаңа ғимаратта орналасқан.

Өскемен – Қазақстан Республикасының түсті металлургия орталығы, осы аймақта филиалдың ашылуы орта және ірі кәсіпорындарға, қаржы-өнеркәсіптік топтар мен олардың бөлімшелеріне Банк ұсынатын бүкіл қызметтер кешенін пайдалануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жеке клиенттер Банк ВТБ (Қазақстан) қызмет артықшылықтарын бағалап, мерзімді салым ашу, кепілсіз несие алу, шағын бизнесті дамытуға несие алу, ақша аудару, сейфтік ұяшықтарды жалға алу, есеп-кассалық қызметтер жүргізу сияқты бүкіл өнім желісінің пайдасын көре алады.

«Біз ВТБ халықаралық қаржы тобының бір бөліміміз, сондықтан клиенттерімізге түрлі банктік өнімдер мен  қызметтер ұсынуға, оларды сапалы әрі уақтылы қызметпен қамтамасыз етуге әзірміз. Өскемен қаласындағы филиал Банктің филиалдық желіні дамыту жөніндегі стратегиясын іске асырудың тағы да бір маңызды қадамына айналды», - деп филиалдың ашылуына түсінік берді Банк ВТБ (Қазақстан) Басқарма Төрағасы Сергей Николаевич Гусаров.

 

Анықтама
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсететін ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100 % еншілес банкі.
Банк ВТБ (Қазақстан) ҚР нарығында  2009 жылғы 1 шілдеден бері жұмыс істеп келеді. Қазіргі уақытта 5 филиалын ашты. Банктің Жарғылық капиталы 9 млр. теңгеден асады. 
2010 жылғы қыркүйекте Банк «Fitch Ratings» агенттігінің «BBB-» деңгейіндегі халықаралық рейтингісіне ие болды / болжам – «Тұрақты», бұл қазақстандық еншілес банктің оң және тұрақты қаржы жағдайын растайды.