Банк ВТБ (Қазақстан) Қарағанды қаласында филиал ашты

29.12.2010

2010 жылдың 28 желтоқсанында Банк ВТБ (Қазақстан) Қарағанды қаласында тағы бір филиал ашты.

Банк ВТБ (Қазақстан) басшылығымен бұл аймақ ең алдымен Қазақстан Республикасының ірі индустриалды-өнеркәсіптік және экономикалық орталығы ретінде таңдалды.

Филиал қала орталығында, тарихи әрі мәдени жәдігер болып саналатын ғимаратта, Бұхар Жырау даңғылы, 24-үй мекен жайы бойынша орналасқан.

Банктің 385 шаршы метр аумақта орналасқан универсалды филиалы корпоративті және жеке клиенттерге қызмет көрсетуге арналған. Қызмет көрсетудің ыңғайлы аймақтары, білікті әрі тәжірибелі қызметкерлердің кеңестері мен көмектері клиенттерге әртүрлі есептік-кассалық операцияларды жасауға, салымдар ашуға, тұтынушылық мақсаттарға, сондай-ақ шағын бизнесті дамытуға несиелер алуға, сонымен қатар банктік шоттарды ашпай ақшалай аударымдар жүйелері бойынша төлемдерді жүргізуге мүмкіндік береді.

Банк ВТБ (Қазақстан) өнім қатары мен филиалдық желісті кеңейтуге бағытталған, стратегияны іске асыруды жалғастыруда. 

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ басқармасының Төрағасы, Сергей Гусаров былай деді: «Бүгін Банктің Қарағанды қаласындағы филиалы корпоративті және жеке клиенттерге өз есігін айқара ашты. Біз осы аймақта әріптестік қарым-қатынастардың жемісті дамуына сенім артамыз».

Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсететін ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес Банкі.
Банк ВТБ (Қазақстан) ҚР нарығында 2009 жылдың шілде айынан бастап жұмыс жасайды. Қазіргі сәтте 4 филиал ашылған. Банктің жарғылық капиталы 9 млрд. теңгеден астам.
2010 жылдың қыркүйек айында Банк Fitch Ratings Агенттігінен «BBB-» деңгейінде/болжам «Тұрақты» халықаралық рейтингіне ие болды, бұл қазақстандық еншілес банктің оң және тұрақты қаржы жағдайын растайды.