Банк ВТБ (Қазақстан) ішкі нарықта облигацияларын орналастырды

29.12.2010

2010 жылдың 21 желтоқсанында БАНК ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған нарығында жазылу жүргізу арқылы айналым мерзімі 4 жыл және купондық мөлшерлемесі жылына 7% облигацияларының бірінші шығарылымының бір бөлігін алғашқы орналастыруды жүзеге асырды. 

Орналастырудың жоспарланған көлемі 3 млрд. теңге, бұл шығарылымның тіркелген көлемінің 20% құрайды. Жазылуға Қазақстан Республикасының 11 институционалды инвесторлары (екінші деңгейлі банктер, зейнетақы қорлары, сақтандыру, брокерлік және басқарушы компаниялар) қатысты. Ұсынылған өтініштер көлемі орналастырудың жоспарланған көлемінен 2 есе асты және облигациялардың номиналды құны бойынша 6,27 млрд. теңгені құрады. 

Жазылу нәтижелері бойынша Банк облигациялардың номиналды құны бойынша 3,78 млрд. теңгеге дейін орналастыру көлемін ұлғайтып, жылдық 5,5% дейін кірістілікпен берілген өтініштерді қанағаттандырды. Банк пікірінше орналастыру кірістілігі толық деңгейде Қазақстан Республикасының облигациялар нарығының ағымдағы жағдайына сәйкес келеді және инвесторлардың Банкке сенімінің айғағы болып табылады. 

Fitch Ratings агенттігінің "ВВВ-" рейтингтік бағасымен осы облигациялар шығарылымы Банк үшін алғашқы болып табылады. Шығаруға байланысты барлық процедураларды Банк дербес жүргізді.
Орналастыру "Евразийский Капитал" АҚ-ын андеррайтер ретінде тартып жүргізілді. Облигациялар «Рейтингтік бағасы бар қарыздық бағалы қағаздар» категориясы бойынша «Қазақстан Қор Биржасы» АҚ ресми тізіміне енгізілді.

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ  Басқармасының Төрағасы, Сергей Гусаров былай деді: (Облигацияларды орналастыру нәтижесінде тартылған қаражаттарды Банк Қазақстан Республикасының экономикасының нақты секторларын несиелендіруге бағыттауды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, Банк оң несие тарихы бар ірі, орта және шағын бизнес кәсіпорындарын несиелендіреді».

Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсететін ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес Банкі.
Банктің жарғылық капиталы 9 млрд. теңгеден астам.
2010 жылдың қыркүйек айында Банк Fitch Ratings Агенттігінен «BBB-» деңгейінде/болжам «Тұрақты» халықаралық рейтингіне ие болды, бұл қазақстандық еншілес банктің оң және тұрақты қаржы жағдайын растайды.