Банк ВТБ (Қазақстан) Астана қаласында филиалын ашты

12.10.2010

2010 жылғы 12 қазанда Астана қаласында Банк ВТБ (Қазақстан) акционерлік қоғамы еншілес ұйымының филиалы ашылды. Астанадағы филиал – Қазақстан аумағындағы сан жағынан екінші филиал, Республикамыздың бас қаласында орналасқандықтан, Банк қатысатын стратегиялық орын болып табылады.

Филиалдың орналасу жерін таңдағанда Банк бірінші астаналық кеңсесін іскерлік белсенділік пен Астананың даму болашағының дәл осы ауданда шоғырлану факторын есепке ала отырып, Достық көшесі, 12, мекенжайы бойынша Сол жағалауда ашуды жөн деп санады. 320-дан астам шаршы метр ауданда бас қаланың тұрғындары мен қонақтарына банктік қызметтердің толық кешені ұсынылады.

Банк ВТБ (Қазақстан) өнімдер желісін кеңейтіп, филиалдар желісін белсенді дамытуға бағытталған стратегиясын жүзеге асыруын жалғастыруда. Банк Астанада бірінші филиалын ашып, сату орындарының санын көбейтуді жалғастырмақшы, 2010 жылдың соңында VIP-клиенттерге арналған тағы да бір жаңа кеңсенің тұсауын кесуді жоспарлап отыр.

Астанада филиалдың ашылуы Қазақстанның бас қаласында орналасқан ірі кәсіпорындарға, холдингтерге, қаржы-өнеркәсіптік топтар мен бөлімшелеріне кешенді қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Жеке тұлғаларға депозиттер, несиелер, ақша аударымдары сияқты әдеттегі банктік қызметтермен қатар Банк ВТБ (Қазақстан) астаналық филиалы валюта айырбастау операциялары, есеп-кассалық қызмет сияқты басқа да қызметтер ұсынады.  Заңды тұлғалар – ірі компаниялар, орта бизнес те, Банк ВТБ (Қазақстан) ВТБ халықаралық тобына тиесілі болуына байланысты қаржы, құжаттандырылған операциялар, сыртқы сауда қызметін жүргізу жөніндегі қызметтерді де пайдалана алады.

«Астанадағы филиал – ҚР ҚҚА лицензия алған және Қазақстанда операциялық қызмет атқара бастаған кезден бастап бір жылдан аз уақыт өткенде ашылған Банк ВТБ екінші филиалы. Филиалдық желімізді дамытып, болашаққа сеніммен қараймыз, біз клиенттеріміз үшін ашықпыз және қашан болса да әлемдік деңгейдегі түрлі қаржы қызметтерін ұсынуға дайынбыз», - деді Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма төрағасы Сергей Гусаров.

Үстіміздегі жылдың соңына дейін Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ еліміздің бес қаласында: Қарағандыда, Өскеменде, Павлодарда, Ақтөбеде, Атырауда клиенттеріне есігін айқара ашпақшы. 

 

Анықтама

Банк ВТБ (Қазақстан) – Ресейдің ірі Банк ВТБ ААҚ еншілес банкі.
ВТБ тобы Ресейде, ТМД елдерінде танытылған, сондай-ақ әлемнің 20-дан астам елінде қатысатын жетекші ресейлік қаржы топтарының бірі болып табылады. Ресей Федерациясының Үкіметі ВТБ бас акционері болып табылады, оған Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі федералдық агенттіктің танытуында Топтың акционерлік капиталының 85,5% тиесілі.

Жалпы алғанда, ВТБ тобы Ресейдің барлық федералдық округтері мен ірі қалаларында 500-ден астам сату орнына ие.