Банк ВТБ (Қазақстан) қазақстандық банктер үшін жоғары болып саналатын Fitch агенттігінің «BBB-» рейтингіне ие болды / болжам «Тұрақты»

07.09.2010

2010 жылғы 06 қыркүйекте «Fitch Ratings» халықаралық агенттігі Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ келесідей рейтингтер берді: шетел және ұлттық валютадағы эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингтері («ЭДР») - «BBB-», қысқа мерзімді ЭДР - «F3», қолдау рейтингі – «2», ұлттық ұзақ мерзімді рейтинг - «AA(kaz)». Эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингтері және ұлттық ұзақ мерзімді рейтинг бойынша болжам – «Тұрақты».

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма төрағасы Сергей Гусаров:
«Банк ВТБ (Қазақстан) ие болған  жоғары деңгейдегі/болжам «Тұрақты» «BBB-» рейтингі қазақстандық еншілес банктің оң және тұрақты қаржы жағдайын, сондай-ақ қысқа мерзімді стрестерге жоғары тұрақтылығын растайды».

Банктің сенімділігі мен несие қабілеттілігін растайтын негізгі факторлардың ішінде «Fitch Ratings» агенттігінің сарапшылары дәстүрлі жоғары деңгейдегі «BBB-» /болжам «Тұрақты» рейтингіне ие мажоритарлық акционерімен – «Банк ВТБ» ААҚ танытылған ықтимал қолдауды атады.

«BBB-» /болжам «Тұрақты» рейтингі жас қазақстандық еншілес банк жұмысының жоғарғы көрсеткіші болып табылады, ол негізгі құрылымына қатысты көлемінің шағын болуына қарамастан, жергілікті нарықтағы бір жылдық жұмысы ішінде бизнесінің тұрақты өсуін, тиімді корпоративтік басқаруды, сондай-ақ «Банк ВТБ» ААҚ тарапынан көрсетілген қолдаудың жоғары деңгейін көрсетеді.

 

Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ жарғылық капиталы - 9 млрд. теңге.

Банк ВТБ (Қазақстан) – заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсететін әмбебап қаржы институты.

«Банк ВТБ» ААҚ мен еншілес банктері Ресейде ТМД, Батыс Еуропа, Азия мен Африка елдерінде түрлі қызметтер ұсынатын жетекші халықаралық қаржы тобы болып табылады.
ВТБ негізгі акционері – Ресей Федерациясының Үкіметі, Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі федералдық агенттіктің танытуындағы оған Топтың акционерлік капиталының 85,5% тиесілі.