ВТБ Банкі (Қазақстан) бірінші универсалды бөлімді – Алматы филиалын ашты

20.08.2010

Алматы филиалы оңтүстік астана қонақтары мен тұрғындарына Гоголь көшесі, 39 «а» мекен-жайы бойынша өз есігін айқара ашты. 400 шаршы метрге жуық алаңда корпоративті және жеке клиенттерге банктік қызметтер ұсынылады. Ұсынылатын қызметтер арасында – депозиттерді рәсімдеу, несиелер беру, ақша аударымдары, есептік-кассалық және айырбастау операцияларын жүзеге асыру бар.
 
Алматы филиалын ашу – ВТБ Банкі (Қазақстан)  Республикада филиалдық желісін кеңейту бойынша үлкен жобаның бірінші кезеңі.

Филиалды ашу салтанатының құрметті қонағы болған  Медеу ауданының әкімі М.Б. Бейдәлі ВТБ Банкі (Қазақстан)  АҚ ЕҰ Директорлар Кеңесінің Төрағасы Е.А. Немеринскиймен бірге лентаны кесті.

ВТБ Банкі (Қазақстан) Бас акционері Ресей Федерациясының үкіметі болып табылатын, Банк ВТБ ААҚ ірі ресейлік қаржылық ұйымның еншілес банкі болып табылады. Банк Ресей мен Қазақстан арасында дәстүрлі достастық, іскерлік және әріптестік тауар айналымын қолдау үшін құрылған. Компания жоспары – есептік және жинақтау өнімдері бойынша қызметтер көрсету, сондай-ақ несиелендіру мен желісті дамыту.
 
Біздің алға қойған мақсаттарымыз биік, қажыр-қайратымыз мол және біз Қазақстанда белсенді жұмыс жасаудың барлық мүмкіндіктеріне иеміз, - деп атап өтті ВТБ Банкі (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқармасының Төрағасы Сергей Гусаров. – Біздің бәсекелестерден негізгі артықшылығымыз – бұл ВТБ Тобының кәсіпқой мамандары мен күші, осының арқасында біз өз клиенттерімізге әлемнің 20 астам елдерінде қызметтерімізді ұсына аламыз. Алматыда алғашқы филиалды аша отырып, біз аясы күн санап кеңейе беретін, тиімді әрі бәсекелестік қабілетті өнімдерді ұсынамыз.  
 
Анықтама:

ВТБ Банкі  (Қазақстан) қаржы қызметімен айналысу үшін ҚР Қаржылық қадағалау агенттігінің лицензиясын 2009 жылдың 22 мамырында алып, 2009 жылдың1 шілдесінен бастап заңды тұлғаларға қызмет көрсету саласында маманданып, жұмысқа кірісті. Алматы қаласында филиалды ашу банктік жеке тұлғалармен жұмыс жасау бағытын дамытудың алғашқы қадамы болды. Еншілес банктік жарғылық капиталы 9 млрд. теңгені құрайды. 2010 жылдың соңына дейін Банк Алматыда тағы 2 бөлімшесін және Астана, Өскемен, Қарағанды, Ақтөбе, Павлодар және Атырау қалаларында 6 филиал ашуды жоспарлап отыр.   

ВТБ тобы Ресейде, ЕМД, Батыс Еуропа, Азия және Африка елдерінде банк қызметтерінің кең аясын ұсынушы жетекші ресейлік қаржылық топ болып табылады. Топтың сатылым желісі Ресей, ТМД және Еуропадағы 941 кеңседен тұрады. Ресейден тысқары Топ өз қызметін ТМД елдеріндегі (Армения, Украина, Белоруссия, Әзірбайжан және Қазақстан) бес еншілес банктері, Грузиядағы еншілес банкі, Еуропа елдеріндегі (Австрия, Германия, Франция, Ұлыбритания және Кипр) бес еншілес банктері, Африкадағы  (Ангола, Намибия) бір еншілес банк пен бір қаржылық компания, сондай-ақ Вьетнамдағы қауымдасқан банк    арқылы жүзеге асырады. ВТБ тобының Британиялық инвестициялық банкінің кеңселері Сингапурде және Біріккен Араб әмірлігінде жұмыс істейді, сонымен қоса, Топтың Үндістен және Қытайда филиалдары бар. 2010 жылдың 31 наурызындағы жағдай бойынша ВТБ тобы активтер (3 362 млрд рубль)  мен клиенттер қаражаты (1 554,5 млрд рубль) бойынша Ресейдің екінші ірі қаржылық тобы болды.      
ВТБ негізгі акционері РФ Үкіметі болып табылады, Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі федералды агенттік тұлғасындағы оған Топтың акционерлік капиталының 85,5% тиесілі.