2010 жылғы 26 шілдеден Банк ВТБ (Қазақстан) жеке тұлғаларға несие бере бастады

26.07.2010

«Қамтамасыз етусіз қолма-қол ақшалай берілетін несие», «Депозитті кепілге қойып, берілетін несие» өнімдері бойынша халыққа несие беру «Әдеттен тыс шарттардан — шынайы мүмкіндіктерге» ұранымен басталады.

Жаңа өнімдерді қосу Банк ВТБ (Қазақстан) қызметінің бөлшек бағытын дамытудың кезекті қадамы болып табылады. Жаңа несие бағдарламалары жылдам әрі ыңғайлы шарттарда қажетті соманы алуға мүмкіндік береді.

Несие тұрақты, расталған кірісі бар Қазақстан Республикасының азаматтарына 6 айдан 24 айға дейін тұтыну мақсаттарына теңгемен және АҚШ долларына беріледі. Қолма-қол ақшалай несиенің артықшылықтары – алғашқы жарнаның, кепілдің, несиені қарастыру үшін және несие берілген күннен бастап 3 ай өткеннен кейін мерзімінен бұрын өтегені үшін комиссиялардың жоқтығы.

Қолма-қол несие – кез келген тұтыну мақсатына арналған несие. Ұзақ күткен зат сатып алу, саяхаттау немесе үйде жөндеу жүргізу сияқты арманыңызды кейінге қалдырмай, дәл қазір іске асырып, өмір рахатын сезінуге мүмкіндік береді.

Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) қазіргі уақытта ең қажетті өнімдерге ерекше көңіл бөліп, бөлшек бағытты белсенді дамытуда. Бүгін банк клиенттері есеп-кассалық қызмет көрсетеді, депозиттерді рәсімдейді, сейфтік депозитарийде құндылықтарды сақтайды, валюта-айырбастау операцияларын жүргізеді. 2010 жылдың соңына дейін Қазақстанның 5 қаласында филиалдар ашу жоспарланған, бұл қазақстандықтарға заманауи және кәсіби банктік қызметтер ұсынуға мүмкіндік береді.