2010 жылғы 12 шілдесінен бері Банк ВТБ (Қазақстан) жеке тұлғалардың салымдарын қабылдай бастады

12.07.2010

Банк ВТБ (Қазақстан) теңгемен, АҚШ долларында және Ресей рублінде жинақталған ақша қаражатын орналастырудың тиімді әрі жайлы әдістерін ұсынып, жеке тұлғаларға арналған депозиттік желі әзірледі. Салым сомасына, орналастыру мерзіміне және шарттарына қарай «Жинақтаушы», «Сақтаушы» немесе «VIP» салымы рәсімделеді.

«Сақтаушы» салымының басқа салымдарға қарағандағы бәсеке артықшылығы шектеусіз  ең аз сомада салым рәсімдеу мүмкіндігі болып табылады.

Банк ВТБ (Қазақстан) клиенттерінің тілегін ескеріп, салым сомасын толықтыру немесе ішінара алу, сыйақыны капиталға айналдыру, сондай-ақ ыңғайлы орналастыру мерзімін таңдау мүмкіндігі бар салымдар әзірлеп шығарды.

Банк ВТБ (Қазақстан) Бас офисіне келіп, салым рәсімдеуге болады: Алматы қ., Тимирязев к-сі, 28 «в».

Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан)  депозиттерді міндетті кепілдендіру жүйесінің қатысушысы (2009 жылғы 18 маусымда «Қазақстан депозиттерді кепілдендіру қоры» АҚ берген куәлік № 40) болып табылады.