ВТБ Банкі (Қазақстан) бір жылғы қызметінің нәтижелерін және ВТБ тобының 2010 жылдың 1-тоқсанында атқарған жұмыстарын қорытындылады

29.06.2010

2010 жылғы 29 маусымда ВТБ Банкі (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқармасының Төрағасы  – Гусаров Сергей Николаевичтің Пресс-брифингі өтті.
ВТБ Банкі (Қазақстан) Қазақстан нарығында бір жылға жуық уақыт жүргізген жұмысы аралығында бірқатар жетістіктерге қол жеткізді: 

  • Ірі компанияларды қаржыландыру, құжат операцияларын жүргізу, банк кепілдіктерін беру және есеп айырысу-кассалық операциялар аясында заңды тұлғаларға қызмет көрсету қызметі жүрзілуде;
  • Банк қызметінің арқасында жеке тұлғалар ақша аударымдарын жүзеге асырып, валюта айырбастау операцияларын жүргізуде және оларға сейф ұяшықтары жалға берілуде.

 

Жұмыс басынан бері алпауыт ресейлік ВТБ Банкінің еншілес Банкі корпоративтік бизнес саласына қызмет көрсету ісіне баса назар аударуда. Артып келе жатқан бәсекелестіктің ортасында жүрген Банктің басты ұстанымы экономиканың негізгі салаларында жұмыс істейтін компаниялармен қарым-қатынас орнатып, мұндай қарым-қатынасты одан ары дамыту, сондай-ақ клиенттік базаны кеңейту болды. 
Банк өз клиенттерінің сыртқы экономикалық операцияларын саудалық қаржыландыру бойынша операцияларды белсенді түрде жүргізуде. Көптеген шетелдік банктер жергілікті банктерге лимиттерді жауып жатқан шақта  Қазақстандағы ВТБ Банкінің бәсекелестік артықшылықтарының бірі Банктің жетекші еуропалық институттардан тартылған несие желілерін иеленуінде. Банк клиенттердің экспорттық және импорттық операцияларын саудалық қаржыландыру бойынша өнімдердің көптеген түрлерін ұсынуда. 

Бұдан басқа, Банк бөлшек сауда бағытын қарқынмен дамытып келеді, ал бұл ұзақ мерзімді стратегияның басты элементі болып табылады.

2010 жылдың соңына дейін елдің басты нарықтарына қатысуын арттыру және клиенттік базаны кеңейту мақсатында ВТБ Банкі (Қазақстан) Астана, Өскемен, Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды және Павлодар қалаларында 6 бірдей жаңа кеңсесін ашуды жоспарлап отыр:  Банктің жеке де, заңды да тұлғаларға толық қызмет көрсететін Алматы филиалы тамыз айында ашылмақ.

Бөлшек депозиттер нарығындағы бәсекелестік күрес күшейіп бара жатқан  кезеңде Банк халықтың түрлі топтарының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін арнайы әзірленген тартымды депозит желісін: жарнаның нөлдік сомасынан VIP-салымдарға дейін енгізуде:

 

Мұнымен қоса, Банк кепілсіз несие беріп, шағын бизнесті белсенді түрде қаржыландыра бастайды.

Клиенттеріміз тамыз айынан бастап, Western Union мен Contact жүйелері арқылы шот ашпай-ақ ақша аудара алады.

2010 жылдың басынан бастап, клиенттер Қазақстандағы ВТБ Банкінің төлем карточкаларының барлық артықшылықтарын пайдалана алатындай мүмкіндігі болу үшін Банк процессингтік орталықты енгізу жұмыстарын белсенді жүргізу үстінде.

ВТБ Банкі (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқармасының Төрағасы  Сергей Гусаров былай деді:

«Біз пайдасы мол жаңа бизнестерді дамытуға бағытталған күш-жігеріміз өз жемісін әкеліп  жатқанына қуаныштымыз. ВТБ тобының ҚР-на қатысуының кеңейтілуі Қазақстан мен Ресей банк жүйелерінің өзара ықпалдастығының күшеюіне өз септігін тигізетін болады. Еншілес банктің жұмысы ресейлік және қазақстандық компаниялардың мүдделеріне сай сауда-экономикалық ынтымақтастықтың несие-есеп айырысу қызмет көрсетудің тиімділігін арттыруға, сондай-ақ сапалы және кәсібі қызмет көрсетуге бағытталған».


ВТБ Тобының 2010 жылдың 1-тоқсанында атқарған жұмысының қаржы нәтижелері:
ВТБ Топ жұмыс істеп келе жатқан бүкіл мерзім аралығында тоқсандық таза кіріс деңгейінің рекордтық деңгейіне қол жеткізді: 2009 жылдың бірінші тоқсанындағы қорытынды бойынша 20,5 млрд рубль шығынмен салыстырғанда - 15,3 млрд рубльді құрады.
Топтың корпоративтік несиелік портфелі 2010 жылдың бірінші тоқсанындағы қорытындылар бойынша 1%-ға, 2 120,9 млрд рубльге өсті. Бөлшек несиелік портфель көлемі 419,1 млрд рубльді құрады. 2009 жылдың соңында бұл көрсеткіш  435,3 млрд рубльді құраған болатын.

 

Анықтама үшін:

ВТБ Банкі  (Қазақстан) ВТБ Банкі ААҚ-ның еншілес банкі болып табылады. ВТБ Тобы – Ресей мен ТМД елдеріндегі жұмыс тәжірибесі мол, сондай-ақ әлемнің 20-дан астам елдеріне қатысатын жетекші ресейлік қаржы топтарының бірі. ВТБ Банкінің басты акционері болып, үлестің 85,5% иеленетін РФ Үкіметі табылады.
ВТБ Банкі  (Қазақстан) қаржы қызметімен айналысу үшін ҚР ҚҚА лицензиясын 2009 жылдың 22 мамырында алып, 2009 жылдың1 шілдесінен бастап Банк  клиенттермен жұмыс істей бастады.
Еншілес банктің жарғылық капиталы 6 млрд. теңгеден астам, жиынтықты активтері 7 млрд. теңгеден астам соманы құрайды.