ВТБ банкінде (Қазақстан) басқарма төрағасының міндеттерін атқарушы тағайындалды

11.05.2010

ВТБ Банкінің (Қазақстан) Директорлар кеңесінің 2010 жылғы 6 мамырдағы шешімімен банк басқармасы төрағасының міндеттерін атқарушы болып Сергей Гусаров тағайындалды.
Сергей Николаевич Гусаров 1965 жылы Ресей Федерациясының Мурманск қаласында дүниеге келді. Ол ВТБ тобында қызметін бастамас бұрын  «Проминвестрасчет» коммерциялық банк, «Аналитический центр» ЦФК ЖАҚ, Мәскеудің есеп айырысу палатасы сияқты коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.
2001 жыл мен 2007 жыл аралығында «Московский Кредитный Банк»  ААҚ-да жұмыс істеді, мұнда ол клиенттерге қызмет көрсету басқармасының клиенттік бөлімінің бастығы қызметінен банк басқармасы төрағасының орынбасары-президенті қызметіне дейін өсті.
2008 жылы басқарма төрағасының бірінші орынбасары болып «Стройкредит» КБ ААҚ-да қызметін жалғастырып, 2009 жылы «Собинбанк» ААҚ-ның «Содействие общественным инициативам» акционерлік банкіге өтті, мұнда ол басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
Сергей Николаевич Гусаровтың үш жоғары білімі бар.

ВТБ Банктің (Қазақстан) басқарма төрағасының қызметін бұрын атқарған Александр Костян банк басқармасы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

 

Анықтама ретінде:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ банк қызметін 2009 жылдың 22 мамырынан бері жүзеге асырып келеді. Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ акцияларының 100% Банк ВТБ ААҚ-ның еншісінде. Ресей Федерациясының Үкіметі 85,5% үлеспен ВТБ-ның бас акционері болып табылады. Қазақстандық еншілес банктің қызметі корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетуге және сыртқы сауда операцияларын қаржыландыруға бағытталған. Келешек стратегиялық жоспары – Қазақстанда филиалдық желіні және бөлшек қызмет көрсету бағытын дамыту.