Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-дағы «Біздің есімімізде» атты акция

30.04.2010

2010 жылғы 30 сәуірде Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Алматы қаласындағы Ресей Федерациясының Бас консулдығымен бірлесіп «Пугасов» мейрамханасында соғыс Ардагерлеріне арналған салтаннатты қабылдауды өткізді.
Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай қазақстандық еншілес банк бүтін ВТБ Тобында өткізіліп отырған «Біздің есімімізде» атты кең ауқымды акцияға белсенді түрде ат салысты. Акцияның мақсаты – «тарихи естелікті» сақтау, патриоттық дәстүрлерді қолдау және дамыту.
Мерекелік дастарханға 137 соғыс пен еңбек фронтының ардагері шақырылды. Қонақтарды Банк пен РФ Консулдығының өкілдері қарсы алып, естелік пен ынтымақтастықтың белгісі ретінде ардагерлердің омырауына Георгий лентасын тақты, содан кейін оларды қабылдау залына дейін шығарып салып отырды.
«Біз Жеңіс үшін жасалған ерліктеріңізді ешқашан ұмытпаймыз. Сіздерге қазіргі бейбіт уақытында өмір сүріп жатқанымыз үшін басымызды иеміз!» - деп қарсы алды ардагерлерді ВТБ Банк (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқармасы Төрағасының міндеттерін атқарушы Сергей Гусаров. «Сіздерге ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық пен бар жақсылық тілейміз!» - деп жиналғандарға өз тілегін білдірген Алматы қаласындағы Ресей Федерациясының Бас Консулы  Борислав Мещянинов.
Өздерінің 90 жылдық мерейтойын атап өткен көптеген ардагерлер  мерекелік дастарғанға қуана жайғасты, өткені Соғыс пен еңбек фронтының ерлері үшін – Жеңіс күні -  өздерінің полктестерімен кездесу, Жеңіс үшін өз өмірін құрбан еткендерді еске алудың мүмкіндігі.
Шақырылған ардагерлердің алдында Алматы мен Қапшағай өңірінің музыкалық ұжымдары өз өнерін көрсетті.  Қол ұстасып соғыс жолымен басынан-аяқ өткен жұптар әскери вальстің сазды әуеніне айнала кетті.
9-мамыр, Жеңіс күні – ерекше мәнге әрдайым толы болатын мерекелердің бірі, ол бұрынғы әрі қазіргі ұрпақтың жүрегінде мәңгі болады.