2010 жылғы 7 маусымнан бастап Қазақстан Республикасында ISO 13616: IBAN және ISO 9362: BIC халықаралық стандарттарына негізделген клиенттердің банктік шоттарының жаңа нөмірлері (IBAN) және банктердің жаңа банктік сәйкестендіру кодтары (BIC) қолданылатын

11.01.2010

Жоғарыда аталғанға байланысты Банк ВТБ АҚ ЕБ (Қазақстан) да IBAN стандартына (International Bank Account Number – Халықаралық Банктік Шот Нөмірі) жаңа шот нөмірлерін енгізеді.

IBAN дегеніміз не?

IBAN (International Bank Account Number) – ISO 13616 халықаралық стандартына сәйкес берілген банктегі немесе қаржы мекемесіндегі клиенттің банктік шот нөмірі. Қазіргі уақытта бұл Еуропа одағы мемлекеттерін, аумақтары мен елдерін қоса  алғанда әлемдегі 45-тен астам елде қолданылады.

Қазақстандық IBAN және оның құрылымы

Қазақстан Республикасында клиенттердің барлық банктердегі және басқа қаржы ұйымдарындағы шот нөмірлері ел ішінде және халықаралық төлемдер үшін IBAN стандартына сәйкес бірыңғай қағидатқа сәйкес қалыптасады.

Қазақстандық IBAN шоттарын банктік шоттың осы стандартын қолданатын барлық елдерде оңай тануға болады, бұл трансшекаралық төлемдерді өңдеуді қомақты жылдам жүргізуге мүмкіндік береді. Қазақстанда IBAN нөмірлерін енгізу және пайдалану «Қазақстан Республикасының банктеріндегі клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу ережелерімен» реттеледі.

Қазақстандық IBAN он екі әріп-сан разрядынан құралады:

K Z С С Б Б Б Х  Х  Х  Х  Х  Х  Х  Х  Х  Х  Х  Х  Х
 
Қазақстан
коды          

        бақылау разряды
       банктің сандық коды (сандық)
          клиент шотының банктік ішкі нөмірі

IBAN енгізудің мақсаты төлемдерді автоматты өңдеуді жақсарту, қате төлемдер санын және тексеру уақытын қысқарту, халықаралық төлемдерді өңдеуді жылдамдату болып табылады.

Шот нөміріңіз АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ IBAN жаңа стандартына ауыстырылған.

2010 жылғы 07 маусымнан бастап клиенттің үзінді жазбаларында автоматты түрде IBAN стандартындағы шот нөмірі пайда болады. Шотты арақашықтықтан басқару жүйелерінде («Банк-Клиент» компьютерлік-модем байланысы) жаңа шот нөміріңізді көре аласыз.

Барлық жаңа шоттар 2010 жылғы 7 маусымнан бастап IBAN стандартында ашылады.

Бұрынғы шот нөмірі: 2203ХХХХХ
IBAN: KZCCБББХХХХХХХХХХХХХ

Банк ВТБ АҚ ЕҰ (Қазақстан) стандартындағы шот  нөміріңізді Операциялық бөлімнен сұрап біле аласыз.

Клиент төлем төлеу үшін IBAN көрсетілген қағаз бланкті қолданатын болса, әрбір төрт символды бос орын тастап кету арқылы анықтаған дұрыс.

Мысалы, KZ75 125K ZT20 6910 0100.
Электронды нысандағы төлем және басқа құжаттарды толтырғанда банктік шот нөміріңіз бос орын қалдырылмай енгізіледі. Мұндай жағдайда шот нөмірінің алдына ешқандай қысқарту қосуға болмайды (мысалы,  IBAN, A/C, Account No, т.б.)
Мысалы, KZ75125KZT2069100100

IBAN не үшін керек?

IBAN бақылау разрядын есептеу алгоритм барлық елдерде IBAN барлық нөмірлері үшін бірыңғай болғандықтан, банк төлемдер қабылдай отырып, ақырғы алушының (алушы басқа банктің клиенті болған күнде де) шот нөмірінің дұрыс көрсетілген-көрсетілмегенін тексере алады. Осылайша төлем қайтарымдарының саны азайып, бірыңғай стандарттардың арқасында халықаралық төлемдерді өңдеу жылдамдығы ұлғаяды.
Қазақстан интеграциясының заманауи шарттарында халықаралық стандарттарға әлемдік экономиканың өтуі интеграция процесі барысында тиімді шешімдер қабылдау үшін қолайлы негіз құруға мүмкіндік береді.

2010 жылғы 7 маусымнан бастап барлық қазақстандық және халықаралық төлемдерде  IBAN стандартындағы шот нөмірлері ғана қолданылады.

Клиенттер не істеу керек?

Жаңа банктік шотыңыздың нөмірін (IBAN) білу үшін банкіңізге хабарласыңыз.
Клиенттің бірнеше банкте шоттары болса, нақты шотқа сәйкес IBAN нөмірін осы шотты ашқан банктен ала алады.
Сондай-ақ банктен банктің жаңа банктік сәйкестендіру коды (BIC) туралы ақпарат алу керек.

IBAN шотыңыздың нөмірін және Сізге қызмет көрсететін банктің жаңа BIC-кодын алғаннан кейін Қазақстандағы және шетелдегі іскерлік серіктестеріңізге осы деректемелерді, күшіне ену мерзімі (2010 жылғы 7 маусым) туралы хабарлап, қазақстандық серіктестеріңіздің IBAN шот нөмірлерін және олардың банктерінің жаңа ВІС сұрауыңыз керек.

Назар аударыңыз, 2010 жылғы 7 маусымнан бастап Қазақстан аумағында және шетелде төлем төлеу және ақша аудару кезінде халықаралық стандарттарға (IBAN және BIC) сәйкес жаңа банктік деректемелерді ғана көрсету керек.

Кейбір елдердегі IBAN және BIC мысалдары

Ел

IBAN мысалы

BIC мысалы

Германия  DE89 3704 0044 0532 0130 00  DEUTDEBB
Ұлыбритания  GB29 NWBK 6016 1331 9268 19  BOFIGB2B
Финляндия FI21 1234 5600 0007 85  HELSFIHH
Швеция SE35 5000 0000 0549 1000 0003  NDEASESS
Нидерландтар NL39 RABO 0300 0652 64  ABNANL2A
Түркия TR33 0006 1005 1978 6457 8413 26  ADABTRIS
Қазақстан  KZ75 125K ZT20 6910 0100  NBRKKZKX

 

Қазақстан аумағында IBAN стандартындағы жаңа шот нөмірлерін енгізу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы №266 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының банктеріндегі клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу ережелерімен» реттеледі.
Сұрақтарыңыз болса, өзіңізге қызмет көрсететін Банкке немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (727) 270-47-20, 270-47-64 телефондары арқылы хабарласа аласыз.