Банк ВТБ (Қазақстан) ірі бизнес қатысушыларының қосалқы мердігерлері болып табылатын компанияларды қаржыландырды

18.11.2009

Банк ВТБ (Қазақстан) «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Agip», «ТенгизШевройл» сияқты ірі Қазақстан бизнес қатысушыларының қосалқы мердігерлері болып табылатын компанияларды қаржыландырды.
Несие қаражаттары ұлттық компаниялардың жобаларын жүзеге асыруға және шарт міндеттемелерін орындауға жұмсалады.
Банк ВТБ (Қазақстан) мен ірі және орта бизнес компанияларының ынтымақтастығы белсенді дамуда. Банк қаржыландырудың ыңғайлы схемаларын ұсынады, ынтымақтастықтың барлық аспектілерін, компанияның даму болашағын бағалай отырып, әрбір қарыз алушыға жеке көңіл бөледі. Сондай-ақ банк мамандары компаниялардың қажеттіліктерін орындап, бизнесін Қазақстан Республикасының шекарасынан тыс жүргізіп жүрген компаниялар үшін құжаттық операциялар мен сыртқы экономикалық қызметті іске асырудың тартымды схемаларын ұсынады.