Банк ВТБ (Қазақстан) web-сайтын іске қосты

01.09.2009

1 қыркүйекте Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ банктің Интернет желісінде тартылған тұлғасы ретінде және нарықтағы барлық қатысушыларымен байланыс барысын қысқарту үшін www.vtb-bank.kz корпоративтік веб-сайтын іске қосты.

Интернет сайт ВТБ Тобының корпоративтік стиліне сәйкес келетін интуитивтік түсінікті навигацияға, заманауи интерфейске, дизайнға ие. Ресурстың негізгі міндеті - Банк ВТБ (Қазақстан) туралы мол ақпарат беру.

Бірінші кезекте сайт банк клиенттеріне – заңды және жеке тұлғаларға, әріптестерге, өкімет органдарының өкілдеріне, бұқаралық ақпарат құралдарына есептелген. Сайтты толықтыру және функционалдық платформасы ықтимал және қазіргі клиенттерден келіп түсетін сұрақтарды барынша толық әрі жылдам өңдей алады.

www.vtb-bank.kz  кірген адам ВТБ халықаралық қаржы тобының құрылу тарихын біліп, қатысу елдерінде, соның ішінде Қазақстанда негізгі бизнес жүргізу қағидаттары туралы ақпарат алады. Сайтта банктік өнімдер, акциялар мен тарифтер туралы толық ақпарат ұсынылған.

Банк ВТБ (Қазақстан) Басқармасының Төрағасы Александр Костянның сөзімен айтқанда, өз ресурсын құру – ауадай қажет: «Біз клиенттермен, әріптестермен сұхбаттасамыз деп сенеміз. Адамдар бір-бірімен тышқанның көмегімен араласатын қазіргі кездегі ақпараттық технологиялардың заманауи әлемінде коммуникацияның қол жетімді әрі функционалдық арнасының болуы – бірнші кезекті міндет, себебі банктің жетістігі негізінен оның ашық болуына байланысты».

Сайттың сәулеті техникалық жағынан алғанда ақпаратқа кіргендерге үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілінде бір уақытта шынайы ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Анықтама

ҚҚА Қазақстан Республикасының аумағында банк қызметін атқаруға №1.1.259 лицензияны 2009 жылғы 22 мамырда берген.
Банк ВТБ АҚ ЕҰ (Қазақстан) акцияларының 100% Банк ВТБ ААҚ тиесілі. 77,5% үлесі бар Ресей Федерациясының Үкіметі -  ВТБ бас акционері.
Банк операциялық қызметін 2009 жылғы 01 шілдеде бастады. 
Қазақ еншілес банкі корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетуге және сыртқы сауда операцияларын қаржыландыруға бағытталған.
Стратегиялық болашақта  - Қазақстанда филиалдар желісін және бөлшектік бағытты дамыту.