Банк ВТБ АҚ ЕҰ (Қазақстан) мен «Экспорттық несиелермен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ (Қазақстан) арасындағы меморандумға қол қою туралы

26.08.2009

Банк ВТБ АҚ ЕҰ (Қазақстан) мен «Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ (Қазақстан Республикасы) Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумға Банк ВТБ (Қазақстан) тарапынан Басқарма Төрағасы Александр Костян, ал «Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ тарапынан Басқарма Төрағасы Галым Амерходжаев қол қойды.

Меморандумға Ресей мен Қазақстан кәсіпкерлерінің арасындағы екі тарапты сыртқы экономикалық қатынастарды дамытуға көмектесу мақсатында қол қойылды. ВТБ халықаралық тобының әлеуеті еншілес құрылымына қазақтандық экспорттаушыларға сыртқы сауда мәмілелерінде қаржылай қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. «Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ жасалғани келісім-шарттарды жүзеге асыру кезінде коммерциялық және саяси тәуекелдерді сақтандыруды қамтамасыз ете алады.

Осындай ынтымақтастық ВТБ Қазақстандағы тәуекелін азайтып, ұсынылатын қаржы көлемін кеңейтуге мүмкіндік береді, ал бұл ресей нарығында сұранысқа ие қазақстан өнімін экспорттау көлемін сақтап қалуға және ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Меморандум шекті сипатқа ие, бірақ жақын уақытта тараптар екі ел кәсіпорындарының арасында жасалған сауда мәмілелеріне қолдау көрсету мақсатында іс жүзінде жүзеге асыруға ниетті.

Анықтама
 «Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес 2003 жылы Қазақстанды дамытудың жаңа институттарының бірі ретінде құрылған. Шикізаттық емес тауарлар мен қызметтер экспортын сақтандыру (қайта сақтандыру), шетелге инвестицияларды сақтандыру (қайта сақтандыру), сыртқы экономикалық қызметті сақтандыру мәселелері бойынша кеңес беру қызметтерін ұсыну Корпорацияның негізгі міндеттері болып табылады. Корпорация Берндегі Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандырушылар одағының жанындағы Прага клубының, Несие альянсының (Credit Alliance) мүшесі болып та