Банк ВТБ (Қазақстан) Талғардағы балалар үйіне сыйлықтар сыйлады

08.07.2009

Банк ВТБ (Қазақстан) ұжымы Мемлекеттік мекеменің (Талғардағы балалар психо-неврологиялық медико-әлеуметтік мекемесі) тәрбиеленушілеріне көмек жинады.

Жаздың басынан бері бүкіл ВТБ тобы бойынша «ВТБ - Елге» жобасының шеңберінде «ВТБ еріктілері» акциясы басталды. Акция банк қызметкерлерінің халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына ерікті қайырымдылық көмек көрсетуіне бағытталған.
 
Қазақстандағы банк қызметкерлері бір күндік жалақысына қажетті заттар сатып алу үшін ақша бөлу туралы шешім қабылдады. Шамамен 500 000 теңгеге дамыту ойыншықтары, киім-кешек (іш киім мен ұйықтау киімінен бастап джинсыге, жылы свитерлер мен курткаларға дейін), аяқ киім (кроссовки, сандали, сланцы), сондай-ақ балалар үйінің тәрбиеленушілерінің өтініші бойынша 4 үлкен үрленетін бассейн сатып алынды. «ВТБ еріктілері» акциясының шеңберінде қызметкерлердің балаларынан ойыншықтар мен кітаптар жиналды.

Сыйлықтарды Банк ВТБ АҚ ЕБ (Қазақстан) басшылығы Балалар үйінің директоры Гульнар Кантарбаеваға тапсырды. Осы мекемеде қазіргі кезде 3-тен 18 жасқа дейінгі 101 бала тұрып жатыр, олардың ішінде 42-сі қозғала алмайды, уақытының көп бөлігін төсекте жатумен өткізеді. Арнайы осындай балалар үшін моториканы, көңіл бөлгіштікті, тактикалық сезінуді дамытатын ағаш ойыншықтар, ал жасы үлкенірек тәрбиеленушілер үшін – қуыршақ театры, көптеген үстел ойыншықтары сатып алынды.

«Өз қайырымдылық қызметімізде біз, бәрінен бұрын, ДЦП ауруымен ауыратын, ақыл-есі кем балаларға арналған интернаттың тәрбиеленушілеріне көмектескіміз келді, өйткені бұл балаларға көп көңіл бөліне бермейді», - деп атап өтті Банк ВТБ АҚ ЕБ (Қазақстан) Басқарма Төрағасы Александр Костян.

 

Анықтама

ВТБ өзі жұмыс атқарып отырған елдердегі ұлттың мәдени, рухани құндылықтары немесе денсаулығы болса да, ұлттық жетістікті сақтап қалуға және көбейтуге көмектесуді өз әлеуметтік міндеті деп біледі. 2003 жылдан бері балалардың денсаулығын қолдауға бағытталған ВТБ «Көз жасы жоқ  әлем» ұзақ мерзімді қайырымдылық бағдарламасы енгізілді.
«ВТБ - ЕЛГЕ» жобасы – қаржы сауаттылығын арттыру, қоршаған ортаны қорғау, еріктілер сияқты өзекті әлеуметтік бағыттар бойынша ВТБ брендімен қоғамға көмек. Жобаның ұраны – «Өз қолымызбен көмектесеміз»: жоба шеңберіндегі әлеуметтік акциялар қызметкерлердің өз күшімен жүргізіледі. 2006 жылғы сәуір-шілдеде ТМД елдерінде Топ қатысатын барлық қалаларда бір уақытта үш акция өткізіледі: «ВТБ ашық есік күні», «ВТБ бағы», «ВТБ еріктілері».