Банк ВТБ (Қазақстан) клиенттеріне қызмет көрсете бастады

01.07.2009

2009 жылғы 01 шілдеде Банк ВТБ (Қазақстан) клиенттерімен жұмыс істей бастады.

Банк ВТБ (Қазақстан) корпоративтік клиенттермен, шағын және орта бизнеспен жүргізілетін жұмысына ерекше көңіл бөле отырып, заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсететін болады. Банктің мақсаты – клиенттерінің қажетіне қарай жылдам икемделіп, еуропа деңгейінде өнімдер мен қызметтер ұсыну.

Банк ВТБ (Қазақстан) негізгі бәсекелік артықшылықтары – кәсіби мамандарының мықты тобы, әрбір клиентке жеке көңіл бөлу, ВТБ қаржы тобының ресурстық базасына қол жетімділік, осының барлығы Банкке қызметінің анықталған стратегиясына және алдына қойған міндеттеріне қарай дамуына мүмкіндік береді.

Банк ВТБ АҚ ЕҰ (Қазақстан) Басқармасының Төрағасы Александр Костян: «Біздің стратегиямыз Банктің Қазақстандағы он ірі банктің қатарына қосылуын қарастырады. Банк ВТБ (Қазақстан) бизнесінің дамуы түрлі нарық сегменттерінің тиімділігін егжей-тегжейлі есепке ала отырып және ВТБ тобының ең үздік тәжірибесін қолдана отырып жүзеге асырылады».

Банктің кеңсесі Алматы қаласында Тимирязев к-сі, 28 «в» мекенжайы бойынша орналасқан және ВТБ халықаралық қаржы тобының бірыңғай корпоративтік стандарттарына сәйкес рәсімделген. 2009ж. 22 мамырда ВТБ еншілес банкі (Қазақстан) мемлекет аумағында банк қызметін атқаруға ҚҚА лицензиясын алды. ВТБ Қазақстан нарығында 2008 жылдан бері қызмет атқарып келеді: 2008ж. 6 ақпанда Алматы қаласында өкілдік ашылып, осының негізінде Қазақстанда еншілес банк құру бойынша жұмыс басталған еді.

 

Анықтама

ВТБ тобы Ресей мен ТМД елдерінде жұмыс тәжірибесі мол, сондай-ақ әлемнің 20-дан астам  елінде қатысатын Ресейдегі жетекші қаржы топтарының бірі болып табылады. 77,5% үлесі бар РФ Үкіметі ВТБ бас акционері болып табылады. Акциялардың қалған 22,5%  РТС және ММВБ, сондай-ақ Лондон қор биржасында Ғаламдық депозитарлық қолхаттар түрінде айналымда. ВТБ Ресейде, ТМД кейбір басқа елдерінде, Батыс Еуропаның, Азия мен Африканың бірқатар елдерінде корпоративтік, бөлшек және инвестициялық банк қызметтерінің кең спектрін ұсынады.
2008 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ВТБ Тобы активтері (126 млрд. АҚШ доллары) және клиенттерінің қаражаттары (37,5  млрд АҚШ доллары) бойынша Ресейдегі екінші ең ірі қаржы тобы болды. ВТБ Ресейдегі, ТМД, Еуропадағы аймақтық желісі 1020 сатылым орнынан құралады, осының арқасында топ Ресейдегі ең ірі бөлшек банктердің үштігіне кіреді. 2008 жылы Мәскеудегі, Лондондағы,  Сингапурдегі кеңселерінен операциялар жүргізетін ВТБ Инвест.