Арнайы салым «Өтемақы» (Салым ашу мерзімі аяқталды)

Құрметті Банк ВТБ (Қазақстан) салымшылары,

Еркін өзгермелі айырбастау бағамы режіміне өтуге байланысты ұлттық валютада (теңге) ашылған жеке тұлғалардың депозиттері бойынша өтемақы төлеу тәртібі аясында Банк ВТБ (Қазақстан)АҚ ЕҰ 2015 жылғы 16 қыркүйектен бастап 2015 жылғы 01 желтоқсанды қоса алғандағы мерзімде банкілік салымдарды қайта ресімдеу жөнінде өтініштер қабылдаған болатын.

Ұлттық валютада (теңге) ашылған жеке тұлғалардың депозиттері бойынша өтемақы 2015 жылғы 18 тамыздың операциялық күнінің соңындағы жағдай бойынша қалдық мөлшері 1 000 000 теңгеге дейінгі депозиттері бар Банк клиенттеріне төленетін болады.

  • Салым валютасы – теңге;x
  • Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 10%;
  • Жылдық тиімді мөлшерлеме – жылдық 10,5%;
  • Салым сомасы – 1 000 000 (бір миллион) теңгеге дейін;
  • Салым әрекет еткен кезең ішінде соманы толықтыру және ішінара алу қарастырылмаған;
  • Сыйақы төлеу ағымдағы шотқа ай сайын аудару жолымен жүзеге асырылады;
  • Салымды мерзімінен бұрын бұзған кезде салым бойынша сыйақы сақталады және соманың салымда болған нақты күндер санына есептеледі.

icon_pdf.gif  Өтемақы төлеу тәртібі (ҚР ҰБ).pdf