Qazaq Banki салымшыларының сұрақтарына жауаптар

Салымшыға қажетті құжаттар - ЖСН бар жеке басын куәландыратын құжат.

Егер жеке басын куәландыратын құжатта ЖСН болмаса -

Егер сіздің идентификаторыңыз ЖСН болмаса, сізге қажет:

1) ЖСН-ны уәкілетті органнан алуға

2) ЖСН тағайындалғаннан кейін тарату комиссиясына кепілдік өтемдерінің тізіміне өзгерістер енгізу туралы өтініш жасайды.

3) ЖСН тағайындағаннан кейін және тарату комиссиясына өтініш бергеннен кейін Сіз Банкке кепілдік өтемінің ақысын алуға бара аласыз

Сенімді тұлға үшін қажетті құжаттар - 1) сенімді тұлғаның жеке басын куәландыратын түпнұсқа құжат; 2) «Qazaq Banki» АҚ-да ашылған Салымшының Банк шотын басқару үшін берілген сенімхат / нотариалды куәландырылған сенімхат.

Мұрагер үшін қажетті құжаттар - 1) мұрагердің жеке басын куәландыратын түпнұсқа құжат; 2) заңды күшiне енгенi туралы нотариалды куәландырылған мұрагерлiк туралы куәлiк (немесе нотариат куәландырған көшiрмес) немесе сот шешiмi; 3) Салымшының қайтыс болуы туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі және Заңнамамен және Банктің ішкі құжаттарымен көзделген басқа да құжаттар

Тегі, аты және әкесінің аты өзгерген жағдайда - 1) жеке басын куәландыратын құжат; 2) тіркеу органы берген неке туралы куәлік немесе атын, әкесінің атын өзгерту туралы куәлік.

Жеке кәсіпкерге (шаруа немесе фермерлік шаруашылық субъектілері, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, заңгер немесе Қазақстан Республикасының кәсіптік медиатор-резиденті) үшін қажетті құжаттар - 1) сәйкестендірудің түпнұсқа құжаты; 2) жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, шаруа (фермер) қожалығын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе нотариаттық немесе адвокаттық қызметті немесе жеке сот орындаушысының.

Банк ВТБ (Қазақстан) төлеу кезеңі - өтемақы төлеуді Банк ВТБ (Қазақстан) алты ай ішінде 2018 жылдың 24 желтоқсанынан 2022 жылдыѕ 01 мамырына дейін жүргізеді. Сіз ВТБ (Қазақстан) банкіне кепілдік өтемақысын алу туралы жазбаша өтінішпен келуге болады.

Алты айдан кейін, 2022 жылдыѕ 01 мамырдан бастап кепілдікті өтеу Кепілдік қорымен төленеді.

Кепілдік өтемақы алудың уақыт кезеңі қандай? Кепілдік өтемді төлеуді кепілдік өтемақысын төлеу құқығын растайтын барлық қажетті құжаттарды ұсынған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.

Ақшаны алу тәсілдері

1) Банкте депозитті ашу

2) Банк төлем картасына ақша аудару

3) Клиенттің деректемелеріне сәйкес ақша аудару

4) Банктің кассасы арқылы қолма-қол ақшаны алу

Максималды кепілдік сомасы ұлттық валютадағы депозиттерге 10 млн. теңге, шетел валютасындағы депозиттер бойынша 5 млн. теңге. Сонымен қатар, сізде бірнеше депозиттер, түрлері мен валюталары әр түрлі болса, онда олар үшін жиынтықта кепілдік өтемі 15 миллион теңгеден аспайды.

Мысалы, депозитордың жалпы сомасы 12 млн. теңге 2 теңгелік депозиттері және шетел валютасындағы жалпы сомасы 8 млн. теңге 3 депозит, теңгемен 2 депозит бойынша кепілдікті өтеу 10 млн. теңге, шетел валютасындағы 3 депозит үшін - 5 миллион теңге. Осылайша, жиынтықта салымшы 20 миллион теңге алады.

Қай валютада кепілдік сомасы беріледі - кепілдік өтемақы тек ұлттық валютада төленеді. Шетел валютасындағы салымдар 2018 жылдың 12 желтоқсанының ҚҰБ-нің бағамы бойынша теңгемен аударылады.

Кепілдеме объектілері - шоттардың және депозиттердің барлық түрлеріне кепілдік беріледі: ұлттық және шетел валютасындағы ағымдағы және карталық шоттар, төлем карточкалары, депозиттер, және жеке тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердің және шаруа қожалықтардың шоттары.

Сыйақыны есептеу - Сыйақы банк қызметін мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшiне енген күнге дейiн есептеледі.

Жинақталған (капиталдандырылған) сыйақыға кепілдік беріледі.

Резерв: Барлық салымшыларға жеткілікті төлемдер бар ма - Кепілдік қоры банк жарналары есебінен кепілдік беру үшін арнайы резерв қалыптастырады. Әрбір салымшыға ақша бөлінген.

Кепілдік берілген сомадан асып кету - Қалыптастырылмаған пайыздарды төлеуге, қойылатын талаптары бар салымшылар немесе кепілденген сомадан тыс депозиттердің қалдығын алу үшін Qazaq Banki тарату комиссиясына жүгінуге болады.

Тарату комиссиясының мекен-жайы және байланыс деректері - тарату комиссиясының мекен-жайлары мен байланыс деректері:

- Алматы қ., Төґлебаев көшесі, 38/61, «Жетісу» БО, 4 қабат (Мақатаев көш. бұрышы), телефон: +7 (727) 380-39-51;

- Нұр-Сұлтан қ., Алматы ауданы, Ғабдуллин көшесі, 18, ВП-3, «Е» блогы, телефон: +7 (717) 255-93-17(ішкі н. 11035).

Кепілдікті өтемақыны қайдан ала аламын? Кепілдікті өтемақыны Банк ВТБ (Қазақстан) бөлімшелерінен алуға болады. Банктің филиалдарының мекен-жайлары төмендегі сілтемеде орналасқан: https://www.vtb-bank.kz/about/offices/all_offices/