Депозиттер (қабылдау тоқтатылған)

«Жинақтау» салымы және «Сақтау» салымы

Құрметті клиенттер,

ВТБ банкі (Қазақстан) 2024 жылғы 1 сәуірден бастап «Жинақтау» және «Сақтау» салымдарын жаңа қабылдау және қолданыстағы салымдарды автоматты түрде ұзарту тоқтатылатынын хабарлайды.

Көрсетілген күнге дейін жасалған шарттар салым сомасын орналастыру мерзімінің соңына дейін не ол бұзылған күнге дейін қолданылады.

Егер клиент шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін салым сомасын талап етпесе, ақша банктік салым шартында көрсетілген тәртіпке сәйкес шотта сыйақыны есептемей және төлемей сақталатын болады.



"Жомарт ВТБ" және "тұрақты"салымдары

Құрметті клиенттер,
осымен, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ 2016 жылғы 01 ақпаннан бастап "Жомарт ВТБ" салымы және "тұрақты"салымы депозиттік өнімдері бойынша салымдарды қабылдау тоқтатылатыны туралы хабарлайды.

Салымдарды қабылдау тоқтатылған күнге дейін жасалған шарттар салымдарды ашу туралы шарт бойынша салым сомасын орналастыру мерзімінің соңына дейін не оны бұзу күніне дейін қолданылады.

Егер Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін салым сомасы талап етілмеген жағдайда, салым сомасын шотта сақтау банктік салым шартында көрсетілген тәртіппен жүзеге асырылады және ұзартуға жатпайды.


"Ақшаны жария ету" арнайы салымы

Құрметті клиенттер,
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы" Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес мүлікті, оның ішінде ақшаны да жария ету рәсімі бойынша (13.11.2015 ж. № 400-V ҚРЗ Заңының 8-бабы), сондай-ақ Қазақстан Республикасында мүлікті жария етуге Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ "ақшаны жария ету"арнайы салымы өнімі бойынша салымдарды қабылдаудың тоқтатылғаны туралы хабарлайды.

Ақшаны жария ету рәсіміндегі өзгерістер туралы толығырақ ҚР Ұлттық Банкінің ресми интернет - ресурсында таныса аласыз

"VIP" салымы

Құрметті клиенттер,
осымен, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ БАНК Басқармасының (10.04.2015 ж. № 19 хаттама) келесі шешім қабылдағаны туралы хабарлайды:

2015 жылғы 13 сәуірден бастап "VIP"салымы депозиттік өнімі бойынша салымдарды қабылдау тоқтатылсын;

Салымдарды қабылдау тоқтатылған күнге дейін жасалған шарттар шарт бойынша салым сомасын орналастыру мерзімінің соңына дейін не оны бұзу күніне дейін қолданылады;

Егер Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін салым сомасы талап етілмеген жағдайда, онда салым сомасын шотта сақтау банктік салым шартында көрсетілген тәртіппен жүзеге асырылады және ұзартуға жатпайды.