Депозиттер (қабылдау тоқтатылған)

"Жомарт ВТБ" салымы және «Тұрақты» салымы 

Құрметті клиенттер,

Осымен, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ 2016 жылғы 01 ақпаннан бастап "Жомарт ВТБ" салымы және «Тұрақты» салымы депозиттік өнім бойынша салымдар қабылдаудың тоқтатылатыны туралы хабарлайды.

Салымдарды қабылдау мерзімі тоқтатылғанға дейін жасалған шарттар, салым сомасын шарт бойынша орналастыру мерзімінің соңына дейін немесе оны бұзу күніне дейін әрекет етеді.

Егер шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін салым сомасы талап етілмесе, онда шоттағы соманы сақтау банк салымының шартында көрсетілген тәртіпте жүзеге асырылады және ұзартуға жатпайды.


«Ақшаны жария ету» арнаулы салымы 

Құрметті клиенттер,

«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес мүлікті, оның ішінде ақшаны жария ету (13.12.2015 ж. № 400-V ҚРЗ Заңның 8-бабы) рәсімдері бойынша Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ «Ақшаны жария ету» арнаулы салымы өнімі бойынша салымдарды қабылдаудың тоқтатылғаны туралы хабарлайды.

Ақшаны жария ету рәсімдеріндегі өзгерістер туралы толығырақ, Сіз ҚР Ұлттық Банкінің ресми интернет – ресурсынан таба аласыз.

«VIP» салымы 

Құрметті клиенттер,

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ, Банк Басқармасы келесі шешімді қабылдағаны туралы хабарлайды (10.04.2015ж. № 19 хаттама):

2015 жылғы 13 сәуірден бастап "VIP" салымы депозиттік өнім бойынша салымдарды қабылдау тоқтатылсын;

Салымдарды қабылдау мерзімі тоқтатылғанға дейін жасалған шарттар, салым сомасын шарт бойынша орналастыру мерзімінің соңына дейін немесе оны бұзу күніне дейін әрекет етеді;

Егер шарттың қоданылу мерзімі аяқталғаннан кейін салым сомасы талап етілмесе, онда шоттағы соманы сақтау банк салымының шартында көрсетілген тәртіпте жүзеге асырылады және ұзартуға жатпайды.