SWIFT халықаралық аударымдары

SWIFT халықаралық аударымдары –шексіз сомада әлемнің кез келген еліне, SWIFT жүйесіне қосылған банкілердің есеп шоттарына ақша аударымдарын жіберудің сенімді және пайдалы тәсілі.
SWIFT жүйесі бойынша ақша аударуды Банк жұмыс істейтін шетелдік валюта аясында жүзеге асыруға болады.
Аударымдар 1 банк күнінен 3 банк күніне дейін жүреді және онда операциялар сомасы бойынша максималды шектеу жоқ.


SWIFT халықаралық аударымдарының артықшылықтары болып табылады:

  • Пайдалы және икемді  тарифтер - Сіз үшін бұл аударылатын ақша сомасына қарамастан, Сіздің Банк комиссиясын төлеуден өз ақшаңызды үнемдейтініңізді білдіреді;

  • Қол жетімділік – ақша аударудың бұл түрімен Сіз Банк ВТБ (Қазақстан)АҚ ЕҰ барлық бөлімшелері мен филиалдарында ақша жібере аласыз, осының арқасында Сіз өзіңізге жақын Банк бөлімшесінде/филиалында ақша аударуды жүзеге асыруыңызға болады;

  • Қауіпсіздік – әр ақша аудару заманауи қауіпсіздік жүйесімен және алушының арнайы сәйкестендіру жүйесімен қорғалады, осының арқасында Сіз тек Жөнелтуші көрсеткен тұлғаға ғана ақшаның жедел төленуіне кепілдік аласыз;

  • Кең таралған желі – бүкіл әлем бойынша SWIT-тің 6000 Банк-қатысушысы әлемнің кез келген елінде Сіздің ақша жіберуіңізге мүмкіндік туғызады.


SWIFT жүйесі бойынша ақша аударуды пайдалануға кеңес береміз, егер:

  1. Сіз шет елдегі өзіңіздің жақындарыңыздың, достарыңыздың және таныстарыңыздың есеп шоттарына ақша жібергіңіз келсе;

  2. Сізге тауарлар мен оқу, медициналық қызмет көрсету, қонақ үйлерден бөлмелер броньдау, әр түрлі конференцияларға қатысу сияқты қызметтерді төлеу қажет болса;

  3. Сізге аз қаражат жұмсап, ірі сомадағы ақша аудару керек болса.

Ақша аударуды жүзеге асыру үшін Сізге қажет:

  1. Жаныңызда ЖСН бар жеке басыңызды растайтын құжат болуы тиіс;

  2. Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ кез келген филиалына немесе бөлімшесіне жүгіну арқылы Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-да есеп шот ашу;

  3. (ақша алушының) бенефициардың деректемелерін білу, атап айтқанда:
      - тегі, аты, әкесінің аты;
      - (ақша алушының) бенефициардың есеп шот нөмірін;
      - ресей рублімен ақша аударғанда бенефициар ЖСН және есепке қойылу себебінің коды ЕСК (заңды тұлғалар үшін);
      - бенефициар Банкінің атауын;
      - ол орналасқан қаланы және елді;
      - бенефициар банкінің SWIFT- кодын;;
      - ресей рублімен ақша аудару үшін - бенефициар Банкінің БЖК және и корреспонденттік есеп шотын, валюта операциясының кодын (VO).

  4. ақша аудару мақсатын / арналымын көрсету қажет;

  5. қажет болған жағдайда растаушы құжаттар тапсырады (валюта шарты, инвойс немесе төлем/ақша аударуды жүзеге асыруға негіз болған басқа құжат).