Сатып алу
Саудалық эквайринг – саудалық-сервистік кәсіпорындарға тауарлар мен қызметтердің қолма-қолсыз төлем құралы ретінде Visa International, MasterCard Worldwide, UnionPay International халықаралық төлем жүйелерінің төлем карточкаларын қабылдауға мүмкіндік беретін банктік қызмет.
Бұл неліктен тиімді:- Ұйымыңыздың бәсекеге қабілеттілігі артады, жаңа клиенттерді – төлем карточкаларын ұстаушыларды тарту есебінен айналым көбейеді.
- Клиенттер Сізде үлкен соманы жиірек жұмсай алады, себебі олар қолма-қол қаражаттарымен шектелмеген.
- Төлем карточкаларын ұстаушылар жоспарсыз сатып алуларға жеңілірек бел буады.
- Инкассацияға, қолма-қол ақшамен жұмысқа және т.б. уақыт пен шығыстар қысқарады.
- Төлемнің қауіпсіздігі (жалған ақшаны қабылдау, сауда нүктесінде ақшаны жоғалту немесе ұрлатып алу, өрт қаупі, кассирдің қателігі, жұмыс күнінің соңында ақшаны қайта санау азаяды және т.б.).
- Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның және халықаралық төлем жүйелерінің сатуды арттыратын жарнамалық кампанияларына қатысу.
- Ұйымыңыздың есеп айырысу шотына ақша қаражаттарын қайтару мерзімдерінің төмендігі – төлем карточкаларымен операциялар жүргізілген күннен кейінгі 3 жұмыс күнге дейін.
- Қызмет көрсетудегі оңтайлы комиссия.
- Қажетті жабдықты тегін орнату, барлық қажетті жарнамалық және шығындық материалдарды ұсыну.
- Ұйымыңыздағы қызметкерлерге тегін үйрету.
-
Жабдыққа сервистік қызмет көрсетуді және ақпараттық-анықтамалық қолдауды жүзеге асыру.
- Mastercard/Maestro төлем карточкаларымен бір ғана жанасу арқылы байланыссыз төлемді жүзеге асыру мүмкіндігі.
- Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның кез келген бөліміне келу;
- Қажетті құжаттар тізімін беру;
- Келісімшартқа қол қою;
- Ішкі тексерістің қалыпты рәсімдерінен өту.
Инструкция по работе с терминалами.pdf
834 КБ
Торговый Эквайринг пакет (с открыт. счета).pdf
620 КБ
Торговый Эквайринг пакет (без открыт. счета).pdf
776 КБ
Правила идентификации платежных карточек.pdf
1335 КБ
Типового договора интернет эквайринга.pdf
1001 КБ
(Данные договора действуют с 12.11.19)