Сатып алу

4.jpg

Саудалық эквайринг – саудалық-сервистік кәсіпорындарға тауарлар мен қызметтердің қолма-қолсыз төлем құралы ретінде Visa International, MasterCard Worldwide, UnionPay International халықаралық төлем жүйелерінің төлем карточкаларын қабылдауға мүмкіндік беретін банктік қызмет.

Бұл неліктен тиімді:
  • Ұйымыңыздың бәсекеге қабілеттілігі артады, жаңа клиенттерді – төлем карточкаларын ұстаушыларды тарту есебінен айналым көбейеді.
  • Клиенттер Сізде үлкен соманы жиірек жұмсай алады, себебі олар қолма-қол қаражаттарымен шектелмеген.
  • Төлем карточкаларын ұстаушылар жоспарсыз сатып алуларға жеңілірек бел буады.
  • Инкассацияға, қолма-қол ақшамен жұмысқа және т.б. уақыт пен шығыстар қысқарады.
  • Төлемнің қауіпсіздігі (жалған ақшаны қабылдау, сауда нүктесінде ақшаны жоғалту немесе ұрлатып алу, өрт қаупі, кассирдің қателігі, жұмыс күнінің соңында ақшаны қайта санау азаяды және т.б.).
  • Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның және халықаралық төлем жүйелерінің сатуды арттыратын жарнамалық кампанияларына қатысу.
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-мен саудалық эквайринг бағдарламасы бойынша жұмыс істеу артықшылығы:
  • Ұйымыңыздың есеп айырысу шотына ақша қаражаттарын қайтару мерзімдерінің төмендігі – төлем карточкаларымен операциялар жүргізілген күннен кейінгі 3 жұмыс күнге дейін.
  • Қызмет көрсетудегі оңтайлы комиссия.
  • Қажетті жабдықты тегін орнату, барлық қажетті жарнамалық және шығындық материалдарды ұсыну.
  • Ұйымыңыздағы қызметкерлерге тегін үйрету.
  • Жабдыққа сервистік қызмет көрсетуді және ақпараттық-анықтамалық қолдауды жүзеге асыру.
  • Mastercard/Maestro төлем карточкаларымен бір ғана жанасу арқылы байланыссыз төлемді жүзеге асыру мүмкіндігі.
Кәсіпорныңызда POS-терминалды орнату үшін не істеу қажет?
  • Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның кез келген бөліміне келу;
  • Қажетті құжаттар тізімін беру;
  • Келісімшартқа қол қою;
  • Ішкі тексерістің қалыпты рәсімдерінен өту.

(Данные договора действуют с 12.11.19)

Эквайринг