«Корпоративный» депозиті
Аты | Шарт |
---|---|
Салым ұсынылатын клиенттер сегменті |
Заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері |
Салымды орналастыру мерзімі |
1 (бір) күннен 731 (жеті жүз отыз бір) күнге дейін |
Операциялар валютасы |
теңге, АҚШ доллары, еуро |
Сыйақыны төлеу |
мерзімнің соңында (салымды орналастыру мерзімі аяқталған күні).
Салым бойынша сыйақы мөлшері күнделікті кіріс қалдығына есептеледі және деректемелері Банктік салым шартында көрсетілген Банкте (жинақ шотынан басқа) ашылған банктік шотқа төленеді. |
Салымның ең аз сомасы |
150 000 теңге, 1 000 АҚШ доллары, 1 000 еуро |
Салымға қосымша жарналар |
жол берілмейді |
Салым сомасын ішінара алып қою |
жол берілмейді |
Сыйақыны капиталдандыру |
Қарастырылмаған |
Банк салымы Шартын мерзімінен бұрын бұзу шарттары |
1) банк салымы шартының талаптарына сәйкес Салым сомасын 1 (бір) айдан аз іс жүзінде орналастыру мерзімі кезінде есептелген сыйақыны төлеу (есепке жазу) көзделмейді.
2) Салым сомасын нақты орналастыру мерзімі 1 (бір) және одан көп ай болған кезде есептелген/төленген сыйақы салымды орналастыру күндерінің нақты саны үшін Банктік салым шартына қол қойылған күні қолданыста болған талап етілгенге дейінгі салым бойынша белгіленген мөлшерде қайта есептеледі және төленеді. |
Салымды ұзарту |
Қарастырылмаған |
Сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері |
Жеке тәртіппен белгіленеді |