ВТБ (Қазақстан) банкінің ағымдағы жұмысы туралы жиі қойылатын сұрақтар


1. Қазақстан бойынша ВТБ ақша аударымдары қолжетімді ме? ВТБ (Қазақстан) банкінің картасынан басқа банктердің карталарына ақша аударымдары валютамен жұмыс істей ме?

Банк ВТБ (Қазақстан) ішіндегі теңгемен карточкалық аударымдар толық көлемде қолжетімді. Басқа банктердің карталарына аударымдар, сондай-ақ шетелдік транзакциялар қол жетімді емес. ВТБ (Қазақстан) жеке тұлғаларға банкте ашылған ағымдағы шоттардан Ресей рублімен РФ банктеріндегі ағымдағы шоттарға ақша қаражатын аудару қызметін ұсынады. Сондай-ақ, РФ банктерінің ағымдағы шоттарынан ВТБ (Қазақстан) клиенттерінің шоттарына кері тәртіпте аударымдар жасауға болады. Аударымдарды банк бөлімшелерінде орындауға болады.

ВТБ (Қазақстан) клиенттері – заңды тұлғаларға Ресей рублімен РФ-тен транзакциялар толық көлемде қолжетімді.


2. Банк ВТБ (Қазақстан) картасынан қаражат алуға бола ма?

Банк картасынан қолма-қол ақшаны еліміздің аумағындағы ВТБ (Қазақстан) бөлімшелері мен банкоматтарынан алуға болады. Егер сізге шетелде ақша қаражаты қажет болса, қолма-қол ақшаны алдын ала алып, шет мемлекеттердің аумағында төлеуді ұсынамыз.

3. ВТБ (Қазақстан) Банкінің картасымен ҚР сауда нүктелерінде, сайттарда және шетелде төлеуге бола ма?

ВТБ Банкі картасымен Қазақстан аумағындағы ВТБ (Қазақстан) POS-терминалдарында тауарлар мен қызметтер үшін ақы төлеуге болады. Қазіргі уақытта сайттарда және шетелдік сауда нүктелерінде төлем жасау қолжетімсіз.

4. ВТБ (Қазақстан) мобильді және интернет банкингі жеке және заңды тұлғалар үшін жұмыс істей ме?

Мобильді қосымша және жеке тұлғаларға арналған VTB KZ Online интернет-нұсқасы жұмыс істейді. Банк клиенттеріне бұрынғыдай коммуналдық төлемдерді, ұялы байланысты және қосымшада ұсынылған басқа да қызметтерді төлеу қолжетімді. Банктен тыс жерлерге жүргізілетін валюталық аударымдар мен операциялар қолжетімсіз.

Заңды тұлғаларға арналған VTB Business интернет-нұсқасы жұмыс істейді. Банк клиенттеріне бұрынғыдай қолжетімді: шоттарға тәулік бойы қол жеткізу, менеджерлермен консультациялар, теңгемен төлемдер, банкішілік транзакциялар және басқа да қызметтер. Кейбір валюталық операциялар бойынша шектеулер бар, толығырақ клиенттік менеджерден білуге болады.

5. ВТБ (Қазақстан) кредиттеу қолжетімді ме? Мен бұрынғы шарттармен кредит ала аламын ба?

Жеке және заңды тұлғаларды кредиттеуге өтінімдер банктің сайтында қабылданады және жеке тәртіпте қарастырылады.

6. ВТБ (Қазақстан) банкінде бұрын берілген тұтынушылық кредиттер бойынша мөлшерлемелер өзгеруі мүмкін бе?

Заңнама талаптарына сәйкес жеке тұлғаларға бұрын берілген барлық кредиттер бойынша шарттар, оның ішінде пайыздық мөлшерлемелер кредиттік шарттарда жазылғандай өзгеріссіз сақталады.


7. ВТБ (Қазақстан) банкіндегі кредитті қалай өтеймін?

  • Сіз ВТБ (Қазақстан) рәсімделген кредиттер бойынша төлемдер жасай аласыз:сіздің кредиттік шартыңызда көрсетілген шотты толтыра отырып, VTB KZ Online мобильді банкінде;
  • қолма-қол ақшаны қабылдау функциясы бар банк банкоматтарында (cash-in);
  • банктің, оның ішінде VTB логотипімен брендтелген, ақпараттық-төлем терминалдарында (АТТ);
  • клиенттің ЖСН көрсетумен QIWI терминалдарында;
  • төлем коды (5223) мен ЖСН көрсетумен "Қазпошта" АҚ бөлімшелерінде.


Сіз ең жақын банкоматты немесе ВТБ терминалын мына сілтеме бойынша таба аласыз https://www.vtb-bank.kz/about/offices/

8. Менің салымдарыммен не болады, олар өз әрекеттерін жалғастыра ма, олар бойынша пайыздарды алуға бола ма?

Банк депозиттер бойынша барлық міндеттемелерді орындайды, салымдар бойынша пайыздарды есептейді және төлейді, сондай-ақ клиенттердің шоттарынан ақша қаражатын беру бойынша міндеттемелерді орындайды.

Сіз бөлімшелерде және қашықтағы арналарда депозиттер ашып, оларды басқара аласыз.

Банк ВТБ (Қазақстан) қазақстандық салымдарға кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылады, бұл да клиенттер қаражатының сақталуына кепілдік береді.

9. Мен ВТБ-ға Қазақстан бойынша және шетелге валюталық аударым жасай аламын ба?

Қазіргі уақытта банк ресей рубліндегі операциялардан басқа валюталық аударымдарды жүзеге асырмайды.

10. Клиенттер жеке тұлғаларға арналған ВТБ қосымшасы арқылы сатып алулар жасай ала ма?

VTB KZ Online мобильді қосымшасы тауарларды сатып алу мүмкіндігін қарастырмайды. Мобильді банкингте клиенттерге коммуналдық төлемдерді, ұялы байланысты және қосымшада ұсынылған басқа да қызметтерді төлеу қолжетімді.

11. Неліктен ВТБ (Қазақстан) POS-терминалы төлемдерді барлық карталармен қабылдай бермейді?

Қазіргі уақытта банктің POS терминалдары қызмет көрсетуге ВТБ (Қазақстан) банкінің Visa және MasterCard төлем жүйелерінің карталарын, сондай-ақ кез келген қазақстандық банктер шығарған UnionPay төлем жүйесінің карталарын қабылдайды.

12. Клиенттер үшін ВТБ (Қазақстан) Банкінің VISA-дан ажыратылуы қалай әсер етеді?

Банктің осы төлем жүйесінен ажыратылуы клиенттердің ақша қаражатының сақталуына әсер етпейді. Қолма-қол ақшаны алу үшін клиенттер ВТБ (Қазақстан) банкінің банкоматтарын пайдалана алады. Банк жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсетуді жалғастырады, олар ұсынатын қаржылық қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз етеді және әр мәселені жеке және мүмкіндігінше жедел шешуге дайын. Біз клиенттерімізге және серіктестерімізге түсіністік, тыныштық және қалыптасқан жағдайда қаржылық сауаттылық үшін алғыс айтамыз.