Кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікпен кредит беру бағдарламасы
Бағдарлама айналым қаражатын толықтыруға жеңілдікті кредит беру арқылы төтенше жағдайды енгізуден зардап шеккен кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға бағытталған.
Қаржыландырудың жалпы шарттары:
Мақсатты топ |
Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, елде төтенше жағдайды енгізу салдарынан қаржылық жағдайдың нашарлауын растауы бар кәсіпкерлік субъектісі*. "Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасында енгізілген төтенше жағдай. |
Сыйақының атаулы мөлшерлемесі |
жылдық 8,0% - дан артық емес (СЖТМ 8,3%-дан) |
Валютасы | теңге |
Мақсатты тағайындамасы | айналым қаражатын толықтыруға |
Мерзімі | 12 айдан артық емес |
Ең жоғары лимит |
Ірі кәсіпкерлік субъектілері, заңды тұлғалар үшін – 6,0 млрд. теңгеден артық емес Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері, заңды тұлғалар үшін – 3,0 млрд. теңгеден артық емес ЖК үшін – 50,0 млн. теңгеден артық емес |
Қаржылық жай-күйінің нашарлауын растау өлшемдері |
төтенше жағдай режимінің қолданылуы кезеңінде және оның күші жойылғаннан кейін 2 ай ішінде орын алатын бір немесе бірнеше құжатпен расталған өлшемдерге сәйкестігі: 1.өткізілген тауарлар және (немесе) қызметтер көлемінің төмендеуі 2.сатып алушылардан төлемді кешіктіру 3.қызметкерлерінің штаттық санының қысқаруы |