Кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікпен кредит беру бағдарламасы

Бағдарлама айналым қаражатын толықтыруға жеңілдікті кредит беру арқылы төтенше жағдайды енгізуден зардап шеккен кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға бағытталған.

Қаржыландырудың жалпы шарттары:

Мақсатты топ

Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, елде төтенше жағдайды енгізу салдарынан қаржылық жағдайдың нашарлауын растауы бар кәсіпкерлік субъектісі*.

"Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасында енгізілген төтенше жағдай.
Сыйақының атаулы мөлшерлемесі жылдық 8,0% - дан артық емес (СЖТМ 8,3%-дан)
Валютасы теңге
Мақсатты тағайындамасы айналым қаражатын толықтыруға
Мерзімі 12 айдан артық емес
Ең жоғары лимит

Ірі кәсіпкерлік субъектілері, заңды тұлғалар үшін – 6,0 млрд. теңгеден артық емес

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері, заңды тұлғалар үшін – 3,0 млрд. теңгеден артық емес

ЖК үшін – 50,0 млн. теңгеден артық емес
Қаржылық жай-күйінің нашарлауын растау өлшемдері

төтенше жағдай режимінің қолданылуы кезеңінде және оның күші жойылғаннан кейін 2 ай ішінде орын алатын бір немесе бірнеше құжатпен расталған өлшемдерге сәйкестігі:

1.өткізілген тауарлар және (немесе) қызметтер көлемінің төмендеуі

2.сатып алушылардан төлемді кешіктіру

3.қызметкерлерінің штаттық санының қысқаруы