«KazakhExport» ЭСК АҚ-мен бірлесіп отандық экспорттаушылар үшін экспорт алдындағы қаржыландыру
Экспорт алдындағы қаржыландыру қазақстандық Экспорттаушыларға айналым қаражаттарын толықтыру және экспорттық келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындау мақсатында ұсынылады.
Қазақстандық экспорттаушылар үшін артықшылықтар:
- Экспорттық тауар өндірісінің барлық цикліне тиімді шарттармен қаржыландыру алу;
- Экспорттық келісімшарт бойынша төлемнің мерзімін ұзартуды ұсыну мүмкіндігінен тұратын, шетелдік нарықтардағы бәсекелі артықшылық;
- Саяси тәуекелдерден қорғау;
- Импорттаушы қаржылық міндеттемелерін орындамаған жағдайда шығындарды минималдау;
- Шетелдік серіктестер үшін тиімді шарттардың арқасында экспорт көлемдерін арттыру және географиясын кеңейту.
Экспорт алдындағы қаржыландыру – шикізаттық емес экспортты қолдау бойынша «KazakhExport» негізгі құралдарының бірі, қазақстандық экспорттаушыларға айналым қаражаттарын толықтыру және экспорттық келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындау мақсатында қазақстандық екінші деңгейлі банктер арқылы ұсынылады. «KazakhExport» ЭСК АҚ-мен бірлесіп отандық экспорттаушылар үшін экспорт алдындағы қаржыландыру туралы неғұрлым толығырақ сілтеме бойынша және Банк бөлімшелерінде.
(http://keg.kz/rubric/popolnim_vash_oborotniy_kapital/predeksportnoe_finansirovanie).