Мемлекеттік «Еңбек» тиімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы

Қаржыландырудың жалпы шарттары:

Номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6,0%-дан артық емес (СЖТМ 6,2%-дан)
Қарыз валютасы теңге
Қарыз мерзімі
  1. Инвестицияларға – 60 айға дейін;
  2. Айналым қаражатын толықтыруға – 36 айға дейін.
Қаржыландырудың соңғы мерзімі өңірге байланысты.
Рұқсат етілген қаржыландыру салалары Кредиттер салалық шектеусіз беріледі.
Статистика органдарының тиісті сайтында ЭҚЖЖ берілген кодының болуы расталуы тиіс:
  • егер Соңғы қарыз алушының жобасы – Соңғы қарыз алушы қызметінің жаңа бағыты болған жағдайда – Соңғы қарыз алушы кредит беру туралы шарт бойынша кредит алған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірілмейтін мерзімде;
  • егер Соңғы қарыз алушының жобасы – Соңғы қарыз алушының қолданыстағы қызметін кеңейту – Соңғы қарыз алушы кредит беру туралы шарт бойынша кредит алған сәтке дейін
Ерекше шарттар Міндетті түрде:
  • Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы сертификаттың болуы,
  • Салық берешегінің болмауы,
  • Жұмыспен қамту орталығынан жолдаманың болуы шарт
Толығырақ «Даму» Қорының сайтында: «Еңбек» тиімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы немесе 1408 нөмері бойынша біріңғай колл-орталығы арқылы біле аласыз

Қаржыландыру аймағына байланысты қосымша шарттар:

Параметр Алматы қ. үшін Солтүстік Қазақстан облысы үшін Шығыс Қазақстан облысы үшін
Қарыздың ең жоғары сомасы 8 000 АЕК дейін 6 500 АЕК дейін 6 500 АЕК дейін
Жобаны іске асыру орны Алматы қ. Петропавл қ. Семей қ. және Өскемен қ.
Қаржыландырудың ең ұзақ мерзімі 28.02.2025 ж. дейін 15.01.2026 ж. дейін 14.01.2026 ж. дейін