«KazakhExport» ЭСК АҚ-мен бірлескен экспорттық саудалық қаржыландыру
«KazakhExport» ЭСК» АҚ атынан «Экспорттық саудалық қаржыландыру» құралы (бұдан әрі – ЭСҚ) шетелдік сатып алушылардың тарапынан қазақстандық өнімге сұранысты ынталандыруға бағытталған. ЭСҚ шетелдік компанияларға қазақстандық тауарларды/қызметтерді сатып алу үшін есеп айырысудың аккредитивті нысаны аясында Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ арқылы ұсынылады. ЭСҚ іске асыруға мына тараптар қатысады:
- Клиент – экспорттық келісім-шарт бойынша тауарларды/қызметтерді экспорттаушы,
- Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – банкаралық мәміле бойынша Растаушы Банк/Кредит беруші банк,
- Импорттаушының банкі – аккредитив шығарған эмитент банк/ банкаралық мәміле бойынша постқаржыландыру аясындағы қарыз алушы,
- Импорттаушы – эмитент банктен тауарларды/қызметтерді және жеңілдіктік қаржыландыруды алушы.
«KazakhExport» ЭСК» АҚ сақтандыру бойынша функцияны қалдыра отырып, ЭСҚ-ға сақтандыру өтелімін (Импорттаушының Банкімен банкаралық кредитті төлемеу қаупі) қосты.
Импорттаушының Банкі үшін қаржыландырудың құны мынадай жолмен құралады: «KazakhExport» ЭСК» АҚ-дан қаражаттарды тарту мөлшерлемесі + Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның маржасы + сақтандыру өтелімі бойынша сақтандыру сыйақысы.
ЭСҚ шарттары туралы толығырақ мына сілтемеге өту арқылы біле аласыздар: «KazakhExport» ЭСК» АҚ-дан экспорттық саудалық қаржыландыру