«KazakhExport» ЭСК АҚ-мен бірлескен экспорттық саудалық қаржыландыру

«KazakhExport» ЭСК» АҚ атынан «Экспорттық саудалық қаржыландыру» құралы (бұдан әрі – ЭСҚ) шетелдік сатып алушылардың тарапынан қазақстандық өнімге сұранысты ынталандыруға бағытталған. ЭСҚ шетелдік компанияларға қазақстандық тауарларды/қызметтерді сатып алу үшін есеп айырысудың аккредитивті нысаны аясында Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ арқылы ұсынылады. ЭСҚ іске асыруға мына тараптар қатысады:

  1. Клиент – экспорттық келісім-шарт бойынша тауарларды/қызметтерді экспорттаушы,
  2. Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – банкаралық мәміле бойынша Растаушы Банк/Кредит беруші банк,
  3. Импорттаушының банкі – аккредитив шығарған эмитент банк/ банкаралық мәміле бойынша постқаржыландыру аясындағы қарыз алушы,
  4. Импорттаушы – эмитент банктен тауарларды/қызметтерді және жеңілдіктік қаржыландыруды алушы.

«KazakhExport» ЭСК» АҚ сақтандыру бойынша функцияны қалдыра отырып, ЭСҚ-ға сақтандыру өтелімін (Импорттаушының Банкімен банкаралық кредитті төлемеу қаупі) қосты.

Импорттаушының Банкі үшін қаржыландырудың құны мынадай жолмен құралады: «KazakhExport» ЭСК» АҚ-дан қаражаттарды тарту мөлшерлемесі + Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның маржасы + сақтандыру өтелімі бойынша сақтандыру сыйақысы.

ЭСҚ шарттары туралы толығырақ мына сілтемеге өту арқылы біле аласыздар: «KazakhExport» ЭСК» АҚ-дан экспорттық саудалық қаржыландыру