«KazakhExport» ЭСК АҚ-мен бірлесіп отандық экспорттаушылар үшін экспорт алдындағы қаржыландыру

Экспорт алдындағы қаржыландыру қазақстандық Экспорттаушыларға айналым қаражаттарын толықтыру және экспорттық келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындау мақсатында ұсынылады.

Қазақстандық экспорттаушылар үшін артықшылықтар:

  • Экспорттық тауар өндірісінің барлық цикліне тиімді шарттармен қаржыландыру алу;
  • Экспорттық келісімшарт бойынша төлемнің мерзімін ұзартуды ұсыну мүмкіндігінен тұратын, шетелдік нарықтардағы бәсекелі артықшылық;
  • Саяси тәуекелдерден қорғау;
  • Импорттаушы қаржылық міндеттемелерін орындамаған жағдайда шығындарды минималдау;
  • Шетелдік серіктестер үшін тиімді шарттардың арқасында экспорт көлемдерін арттыру және географиясын кеңейту.

Экспорт алдындағы қаржыландыру – шикізаттық емес экспортты қолдау бойынша «KazakhExport» негізгі құралдарының бірі, қазақстандық экспорттаушыларға айналым қаражаттарын толықтыру және экспорттық келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындау мақсатында қазақстандық екінші деңгейлі банктер арқылы ұсынылады. Механизм туралы неғұрлым толығырақ сілтеме бойынша және Банк бөлімшелерінде.