Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

Банк ВТБ (Қазақстан)-ның клиенттері «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасына қатыса алады. Кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бөлігін субсидиялау және/немесе кредит бойынша ішінара кепілдік беру.

Бағдарламаның шарттары:

Наименование характеристики Программы Характеристика Программы

Мемлекеттік бағдарламаның жалпы сипаттамасы

Кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бөлігін субсидиялау, сонымен қатар кредит бойынша міндеттемелердің орындалуын ішінара қамтамасыз ету үшін «Даму» КДҚ АҚ-тан кепілдік алу

Мемлекеттік бағдарламаның бағыттары

         1-ші бағыт «Моноқалалардың, шағын қалалардың және ауылдық елді мекендердің бизнес-бастамаларын қолдау»: сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау, кепілдік беру;

         2-ші бағыт «Экономиканың басымды секторларында және өңдеу өнеркәсібі саласында қызмет ететін кәсіпкерлерді /индустриялық-инновациялық қызметтегі субъектілерді салалық қолдау»: сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау, кепілдік беру;

         3-ші бағыт «Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету»: экспортқа бағдарланған кәсіпкерлердің сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау.

Субсидиялауды/кепілдікті алуға арналған талаптар

1-ші бағыт:
Ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда және моноқалаларда – салалық шектеулерсіз және кәсіпкердің тіркеу орнын есепке алусыз, жеке меншік және тиімді жобаларды жүзеге асыратын және (немесе) жүзеге асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлерге

2-ші бағыт:
Келесідей жобаларды жүзеге асыратын және (немесе) жүзеге асыруды жоспарлайтын тиімді кәсіпкерлерге/ индустриялық-инновациялық қызметтегі субъектілерге:
ЭҚТЖС-ға сәйкес экономиканың басымды секторларындағы жобалар;
өңдеу өнеркәсібі саласында және ИИДМБ анықталған қызметтердің жеке түрлерінде жүзеге асыратын жобалар.


3-ші бағыт:
Экономиканың басымды секторларында және ИИДМБ – Индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасымен анықталған өңдеу өнеркәсібі саласында қызметін жүзеге асыратын, Мемлекеттік бағдарламаның шарттарына сәйкес және кәсіпкерлермен қаржы агенттігіне өтінім бергенге дейінгі алдағы өткен алты айғы ақшалай түсімнің жалпы мөлшерінің 10% төмен емес мөлшерде валюталық түсімі бар кәсіпкерлерге

Қаржыландырудың ең көп мөлшерлемесі

ҚР ҰБ-ның базалық мөлшерлемесі (жобаны қаржыландыру туралы ЕДБ шешім қабылдаған сәтінде) жалдық + 5%.

Субсидиялаудың мөлшері

1-ші бағыт:

қыржыландырудың атаулы мөлшерлемесінің 50%

2-ші бағыт:

экономиканың басымды секторларындағы жобалар үшін қыржыландырудың атаулы мөлшерлемесінің 40%;
өңдеу өнеркәсібінің басым саласындағы жобалары үшін қыржыландырудың атаулы мөлшерлемесінің 50%;

3-ші бағыт:

қыржыландырудың атаулы мөлшерлемесінің 30%

Кредиттің мөлшері

·         1-ші бағыт бойынша бір кәсіпкерге 750 млн. теңгеден көп емес;

·         2-ші және 3-ші бағыт бойынша бір кәсіпкерге 2,5 млрд. теңгеден көп емес;

Субсидиялауды ұсыну мерзімі

инвестициялауға 5 жыл, айналымдағы қаражатты толықтыруға 3 жыл

Кепілдік беру бағдарламасы

Қарыз алушының кредиті бойынша міндеттемелерінің орындалуын ішінара қамтамасыз ету ретінде – кредит бойынша «Даму» Қоры кепілдік береді.

Кепілдіктің мөлшері

Жоба шеңберінде кәсіпкерліктің түріне және кредит сомасына байланысты

Кредит сомасының 85% дейін

Кепілдіктің мерзімі

Кредит мерзімінен аспайды

Кепілдік бойынша бизнес салалары

«БЖК-2020» Мемлекеттік бағдарламаның басымды салалары немесе ИИДМБ шеңберінде өңдеу өнеркәсібінің басым салалары

Салалық шектеулерсіз жаңадан бастаған жас кәсіпкерлерге

Салалық шектеулерсіз ауылдық елді мекендердегі, моноқалалардағы және шағын қалалардағы кәсіпкерлерге

Субсидиялау туралы толығырақ «Даму» Қорының сайтында

«БЖК 2020» шеңберінде жобаларды субсидиялау

Кепілдік беру туралы толығырақ «Даму» Қорының сайтында

Кепілдіктерді ұсыну шарттары

Субсидиялауды/кепілдікті алуға болатын Банктің өнімдері

1. БҰЗҚ АҚ қаражаты есебінен кредиттеу,

2. Премиум кредит*,

3. Шағын кредит*,

4. Жедел кредит*,

5. Авто кредит*,

6. Заңды тұлғаларды кредиттеу (корпоративтік бизнес)*.

* «Бизнестің жол картасы 2020» МБ-ның талаптарына сәйкес болғанда.