ВТБ (Қазақстан) банкі клиенттерінің жиі қойылатын сұрақтарына жауаптар



ВТБ (Қазақстан) банкі Еуразиялық банкке ВТБ (Қазақстан) банкінде отандық өндірістің автомобильдерін сатып алуға ресімделген "Жеңілдікті көлік" өнімінің қарыз шарттары бойынша барлық құқықтарын (талаптарын) өткізді.

2022 жылдың 16 наурызынан бастап Еуразиялық банкте төлемдерді қабылдаумен қатар қарыздарға толық қызмет көрсету жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте кредитті өтеу кестесін қоса алғанда, қарыз шарттарының барлық ережелері өзгеріссіз қалады және заңды күшін сақтайды.

Барлық сұрақтар бойынша + 7 (777) 000-77-22 нөмірі арқылы Еуразиялық банктің WhatsApp-чатына хабарласыңыз.


Ең танымал сұрақтарға жауаптар.

1. Маған автокредитімнің Еуразиялық банкке берілгені туралы хабарлама келді. Бұл нені білдіреді?

ВТБ (Қазақстан) банкі "Еуразиялық банк" АҚ-ға отандық өндірістің автомобильдерін сатып алуға ресімделген қарыз шарттары бойынша барлық құқықтарын (талаптарын) өткізді. Сіздің қарыз шартыңызда кредиттің басқа банкке осылай қайта өткізілуін қарастыратын 10.9 тармағы бар. Сіздің қарызыңызға енді Еуразиялық банк қызмет көрсететін болады.  

2. Автокредитті Еуразиялық банкке беру менің төлемдеріме және кредит шарттарына әсер ете ме?

Жоқ, төлем шарттары мен кесте өзгеріссіз қалады. Барлық заңды құжаттар өз күшін сақтайды.

3. Еуразиялық банкпен автокредит шартын қайта жасасу қажет пе?

Жоқ, жаңа шарт жасаудың қажеті жоқ.

4. Менің құжаттарым Еуразиялық банкке беріле ме?

Иә, сіздің несиеңіз бойынша барлық құжаттарыңыз "Еуразиялық банк" АҚ-ға берілетін болады.

 

5. Менің кепілім "Еуразиялық Банк" АҚ-да қайта тіркеле ме?

Иә, ауыртпалықтар кепіл берушінің қатысуынсыз уәкілетті мемлекеттік органдарда "Еуразиялық банк" АҚ, яғни жаңа кепіл ұстаушысының атына қайта тіркелетін болады.

6. Еуразиялық банкте кредит бойынша төлемдерді қалай жүргіземін?

Клиенттерге ыңғайлы болу үшін Еуразиялық банк ағымдағы шоттарды ашады, клиенттер ай сайын соларды толтыра отырып, төлемдер жасайды. Ағымдағы шотты төлем терминалдары (ЖТТ), Smartbank мобильді банкингі және Еуразиялық банктің филиалдары мен бөлімшелерінің кассалары арқылы толтыруға болады.

7. Кредитті өтеуді ВТБ (Қазақстан) банкінде жалғастыра аламын ба?

Жоқ. Ағымдағы шотты ашқаннан кейін кредитті ай сайын Еуразиялық банктің төлем терминалдары (ЖТТ), Smartbank мобилді банкі, банк филиалдары мен бөлімшелерінің кассалары арқылы ғана өтеу қажет.

8. Егер мен Еуразиялық банк көрсететін қызметтермен келіспесем, не істеуім керек?

Автокредитті қайта қаржыландыру туралы өтінішпен өзіңізге қолайлы кез-келген Қазақстан банкіне жүгінуіңізге болады.

9. Сұрақтар мен қиындықтар туындаса, қайда хабарласуға болады?

Еуразиялық банктің WhatsApp чатының + 7(777) 000-77-22 нөміріне хабарласыңыз.

Чатқа сілтеме: https://eubank.kz/chat/.