ВТБ (Қазақстан) СЭҚ келісімшарттарының санын үш есеге арттырды

05.09.2023
Жылдың жеті айында ВТБ (Қазақстан) сыртқы экономикалық қызмет шеңберінде келісімшарттар санын 8,6 мыңға дейін ұлғайтты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда үш есе көп. СЭҚ шеңберіндегі шарттардың жалпы сомасы 9 трлн теңгені құрап, екі еселенген өсімді көрсетті.

Ең үлкен өсім шілдеде байқалады: өткен жылдың шілдесімен салыстырғанда банктегі экспортқа келісімшарттар саны 7,5 есе, импортқа – 2 есе, ал олар бойынша көлемдер тиісінше 4 және 2,5 есе өсті. ВТБ (Қазақстан) корпоративтік клиенттермен жұмыс департаментінің директоры Олеся Акылованың айтуынша, келісімшарттар санының артуы Қазақстан, Ресей және Беларусь арасындағы ВТБ сауда ағындарына белсенді қызмет көрсетумен байланысты.

«Біздің міндетіміз – Қазақстан, Ресей және Беларусь арасындағы сыртқы экономикалық қызметке қызмет көрсету бойынша жетекші ойыншылардың бірі болу. Банк ішінде СЭҚ жүргізу үшін біз барлық қажетті инфрақұрылымды дайындадық – клиенттерге қызмет көрсету кезінде ең тиімді тарифтер мен негізгі құралдар цифрланған ыңғайлы сервистерді ұсынамыз. VTB business интернет-банкингінде күніне теңгемен және рубльмен трансшекаралық төлемдер мен аударымдар жүргізуге, тиімді бағам бойынша нақты уақыт режимінде рубль сатып алуға және сатуға, валюталық заңнама бойынша кеңес алуға болады. VTB Business-тегі валюталық келісімшарттар құжаттардың толық пакетін алғаннан кейін екі сағат ішінде тіркеледі. Бұл әрекеттердің барлығы нәтижелі болды – биыл біз бизнестің айтарлықтай өсуін тіркеп отырмыз: жыл басынан бері Банк портфеліндегі СЭҚ келісімшарттарының саны екі есеге, ал олардың көлемі бір жарым есеге артты», - деп түсіндірді Олеся Ақылова.

ВТБ СЭҚ (Қазақстан) клиенттерінің сұранысқа ие құралдарының бірі VTB Business интернет-банкингіне қол жеткізе отырып, есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету болып табылады. Сервисте сіз рубльді онлайн сатып алып, сата аласыз, күніне Ресейге трансшекаралық төлемдер мен аударымдар жасай аласыз, валюта заңнамасы бойынша кеңес ала аласыз. Сондай-ақ, жүйеде клиент мәміле бойынша валюталық бақылаудан өтіп, тіркеліп, келісімшартқа нөмір бере алады.